Түркістан: Учаскелік полицей халқына қалтқысыз қызмет етіп жүр

13 маусым, 13:01


Түркістан облысы тұрғындарының қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуде күн-түн демей қызмет етіп, үлгілі тәртібі мен кәсіби шеберлігін көрсете білген үздік полиция қызметкерлерінің еңбегі мол. Сондай тәртіп сақшысының бірі — Сырлы өңір Түркістан облысы Созақ ауданының тумасы, тәртіп сақшысы Нұрәділ Ерман. Кәсіби мереке қарсаңында Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі полиция майорының қызметін көпшілікке таныстырды.
Полиция майоры Нұрәділ Ерман өмірлік тәжірибесінде бірталай жетістіктерге жетіп үлгерген. Жұмысына деген адалдығы, халыққа қалтқысыз қызметі еленіп, бірнеше мәрте марапат алған. Отбасында төрт ұл, бір қыз өсіріп отырған отағасы.
Заң мамандығы бойынша білім ала жүріп, студенттік жылдары «Локомотив» бокс залындағы үйірмеге қатысып, кейіннен Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебіне ауысады. Осында жүріп түрлі жарыстарға қатысып, спорт шеберіне үміткер болған.


Бүгінде Полиция департаменті тарапынан ұйымдастырылатын спорттық іс-шаралардың белсенді қатысушысы. Онымен қоса, өзінің ұлдарын да спортқа баулып, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеп отырған асыл әке. Мәселен, үлкен ұлы шайбалы хоккейден спорт шеберлігіне үміткер, жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының 4 дүркін чемпионы. Ал екінші ұлы бокспен шұғылданады.
Жартытөбе ауылында дүниеге келген Нұрәділ Ерман қызмет жолын өзі туып-өскен Созақ ауданынан бастап, бүгінде аймақтың құқықтық тәртібін нығайтуға септігін тигізіп келеді. Ішкі істер органдарындағы қызметін 2005 жылы учаскелік полиция инспекторының көмекшісі лауазымынан бастаған. 2022 жылдан бері бүгінгі күнге дейін учаскелік полицей болып қызмет етіп жүр.
«Учаскелік полиция инспекторы болу өте жауапты жұмыс. Әр күніміз тұрғындармен бірге, қауырт қарбаласта өтіп жатады. Профилактикалық іс-шаралар, түрлі шақыртуларға бару, есепте тұрғандармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу, өзімізге белгіленген аумақта қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу бағытында жұмыс істейміз. Меніңше, әр адам өз мамандығын мақтан тұтады. Сол сияқты мен де өмірлік жолымды құқық қорғау саласына арнағанымды мақтан етемін. Мен елімнің тыныштығын қорғауға барымды саламын. Ең бастысы, болашақ ұрпағымызды жақсы адам етіп тәрбиелеу — өмірлік ұстанымым», — деп атап өтті Нұрәділ Ерман.

Айта кетейік, Нұрәділ Ерман «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін», «Қазақстан полициясына 30 жыл», «Мінсіз қызметі үшін 10 жыл», «Мінсіз қызметі үшін 15 жыл» төсбелгілерімен марапатталған.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Бүгін, 14:34
Президент: Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ мемлекетін құру ісінде шешуші роль атқарғанын міндетті түрде айтуымыз қажет
Бүгін, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген
15 қазан, 14:20
Армения - уақыт сынынан өткен жақын серіктес
30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс
30 қыркүйек, 19:47
Мал шаруашылығы – өрісті сала
30 қыркүйек, 16:35
Қазақстан - АҚШ: Инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары
30 қыркүйек, 16:04
Түркістан: Жастарға заңгерлік кеңес берілді
30 қыркүйек, 16:03
Түркістан: Қылмыс пен жаза