jasqazaq.kz

Түркістан: «Учаске» жедел-профилактикалық шарасы және семинар-тренинг

18 қыркүйек 2024, 16:10

Түркістан облысында заң мен тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету үшін құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған шаралар өтіп жатыр.

Арыс аудандық полиция бөлімі тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту мақсатында ағымдағы жылдың 16 қыркүйек пен 1 қараша аралығында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік учаскелерде өздерінің визит карточкаларын көрсете отырып, пәтерлер мен аулаларды аралайды, тұрғын үйлердің кірер аумағына, дүкендерде, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда, ойын-сауық орындарында ақпараттық парақшаларды орналастырады.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары қоғамға жат әрекеттер мен қадағалаусыз қалу фактілерінің жолын кесу үшін жалдамалы пәтерлерді, базарларды және басқа да сауда орындарын, тұрмысы нашар отбасыларды, жастардың шоғырлану орындарын тексеруде.
Шара барысында ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдарды және тұрғылықты жері бойынша азаматтық қару иелерін де тексеру жоспарланған.

Сондай-ақ құқық қорғау органдарында психологиялық семинар-тренингтердің жиі өткізілуіне мән беріледі. Бұл бағытта Түркістан облысы Полиция департаментінде ұжымдағы психологиялық ахуалды нығайту және жеке құрам арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жұмыстары үнемі назарға алынып, тиісті іс-шаралар жүргізіліп келеді.

Таяуда Түркістан облысы ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының инспектор-психологтарының ұйымдастыруымен кезекті жиын өтті. Мұндағы мақсат – ішкі істер органдары қызметкерінің стреске төзімділігін қалыптастыру, өзін-өзі реттеу дағдыларын үйрету.

Аппарат қызметкерлері қатысқан семинар-тренингке полиция полковнигі Мақсат Асқаров төрағалық етіп, жалпы ІІО-да орын алып жатқан суицид фактілеріне тоқталды. Сондай-ақ Түркістан облысының бас имамы Ержан Сматұлы арнайы шақыртылып, суицидтік іс-әрекетке діни көзқарасын білдіріп, әрбір қызметкердің өмірде кездесетін қысылтаяң тұстарда адами қадір-қасиетті жоғалтпауға үндеді.

Тренинг барысында тәртіп сақшыларының «Күйзелістен арылудың он тәсілі» атты бейнеролигі көрсетілді. Оған қоса, «тыныс алу» жаттығуы ұсынылды.

JQ-Aqparat
Суреттер: Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі