jasqazaq.kz

Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-шаралар өтуде

26 маусым 2024, 10:57

Түркістан облысының бірқатар аудандарында отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-шаралар өтуде, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Облыс полицейлері мен дәрігерлері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылады

Өздеріңізге белгілі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» Заң күшіне енді. Осылайша әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез-келген түрі үшін жауапкершілік күшейтілді. Енді ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірудің соңы қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады және басқа да бірқатар өзгерістер енгізілді.
Полицейлер мен дәрігерлер жаңадан күшіне енген заң нормаларын орындауда өзара түсініспеушіліктер орын алмас үшін тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңға енгізілген өзгерістер бойынша талқылау жиынын өткізді. Жиын нәтижесінде сала мамандары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасып, талқыланатын тақырып шеңберінде бірыңғай тәсілді әзірлеуге тоқталды.

Түркістан облысы полиция департаменті бастығының нұсқауына сәйкес Арыс аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы өтті. Жиынға Арыс АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚт инспекторы полиция майоры А.Мырзахметова, Арыс қалалық Әжелер алқасының мүшесі Ф.Қуатбекова, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-психологы А.Үсен және аурухана дәрігерлері мен мейірбикелер қатысты.

«ҚР-ның кейір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтар мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты тақырыбында сөз болған жиында Арыс АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚт инспекторы полиция майоры А.Мырзахметова түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар «Зорлық зомбылықтың алдын алу және онымен күресу жолдары» жайлы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-психологы А.Үсен баяндама жасады.

Жиынды туындаған ұсыныс пікірлер бойынша А.Мырзахметова және А.Үсен жауап беріп, қорытындылады.

«Отбасылық зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында «АШЫҚ ЕСІК» күні Кентау қаласында жалғасты. Қалалық полицейлер гендерлік саясатты нығайту, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау, әйелдердің құқығын қорғау мақсатында «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу бөлімімен бірлесіп «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша маусым айының 25-і күні «АШЫҚ ЕСІК» күнін ұйымдастырды. Алдағы күндері де тұрмыстық зорлық зомбылықтың құрбандарына жеке қабылдау жүргізіп, тегін құқықтық, психологиялық көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар Кентау қаласы ҚПБ-нің ЖПҚБ әйелдерді зорлық- зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Майра Құттыбаева тұрғындарға ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

Әлима Әлмерек

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

17 сәуiр, 17:34
Наркотики, короткая «карьера закладчиков» и безопасность врачей: разъяснительную встречу провели для столичных медиков
17 сәуiр, 16:28
Аида Балаева: ҰБТ жүйесін өзгерту – тестілеуден бас тарту емес
15 сәуiр, 15:51
«Закон и порядок»: лекцию о цифровой безопасности провели для столичных школьников
10 сәуiр, 23:03
"Народный юрист": жителям Астаны оказали бесплатную юридическую помощь
08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы