jasqazaq.kz

Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті

14 шiлде 2025, 18:13

Түркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты Арыс ауылдық округінде экотуризмді дамытуға бағытталған «ALTY KÖL» жобасы бастау алды.

Ғабит Пернебаев есімді жеке кәсіпкер өзіне тиесілі 10 гектар жердің бес гектарына алты жасанды көл жасап, қалған бес гектарына ауданда сирек кездесетін сәнді ағаштар, қауын қарбыздың түр-түрін, жүгері, алма бауын отырғызған.

Бүгінгі таңда жоғарыда аталған алты көлдің екеуіне кәсіпкер балық шабақтарын жіберіп қойған.  Біріне 10 мың дана хан (форель) балығының шабақтарын жіберсе, екінші тоғанға  бекіре балығының шабақтарын жіберген. Алдағы уақытта қалған көлдерді де қамтуды көздеп отыр.

Ендігі кезекте кәсіпкер жасыл желекке оранған аймақты абаттандыруды қолға алып, демалыс аймағына айландыруды көздеп отыр. Яғни, бұл жерде кәсіпкердің айтуынша этноауыл, амфитеатр, шағын зообақ, демалыс үйлері, спорт алаңдары мен атпен серуендеу қызметі және т.б. түрлі қызмет түрлері демалушыларға ұсынылмақ.

Аталмыш жобаның идеясын кәсіпкер Австрия елінен алғызып, сызбасын Ресей еліндегі білікті мамандарға сыздырған. Шаруашылыққа аудан әкімі Асқар Естібаев, аудан әкімінің салаға жауапты орынбасары Ғани Құрманбай арнайы барып, жобамен етене танысып, кәсіпкердің тың бастамасына сәттілік тіледі.

Мемлекеттен қолдау ұсынған аудан басшысы бүгінде балық шаруашылығын бастап отырған кәсіпкерге оның жемінің 30 пайызын субсидиялауды ұсынып, сүйемелдеу бойынша жауапты орынбасарына нақты тапсырмалар берді.

Жалпы биыл Түлкібас ауданында бұдан бөлек туризм саласын дамытуға бағытталған жалпы құны 4,4 млрд теңгені құрайтын 3 ауқымды жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оларда 220 адамға жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

JQAqparat

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры