jasqazaq.kz

Түркістан: Түлкібас тұрғындарына пәтер кілті табысталды

31 мамыр 2025, 14:57

Түркістан облысында тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту іс жүзінде жүзеге асырылып келеді. Нақты мысал ретінде Түлкібас ауданында 48 отбасыға пәтер кілттері табысталғанын айтуға болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, салтанатты шараға аудан әкімі Асқар Естібаев пен аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев қатысып, қоныс той иелерінің қуаныштарымен бөлісті.

Аудан әкімі асқар Естібаев. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты баспанамен, жұмыспен қамтуға арналған бағдарламаларының нәтижесінде қаншама отбасы баспаналы болып, жұмысқа орналасуда. Бүгінгі таңда Түлкібас ауданында тұрғын үй кезегінде 3250-ден астам азамат болса, соның ішінде бүгін 48 азамат жаңа баспанаға қол жеткізді. Оның ішінде ата-ананың қарауынсыз қалған балалар, көп балалы отбасылар, жалғызбасты аналар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар мен жас отбасылар бар. Бұл бағыттағы жұмыстар осымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта жалғасын табады», — деп атап өтті.

Баспаналы болғандардың қатарында көпбалалы жеті баланы тәрбиелеп, өсіріп отырған Сұлушаш Нұрымбетованың қуанышы қойнына сыймайды.

«Үй кезегіне 2018 жылы көпбалалы ана ретінде тұрған болатынмын. Бүгін, міне, мемлекетіміздің қолдауымен және бала-шағамның несібесіне орай үш бөлмелі пәтерге қол жеткізіп отырмын. Барша бүгінгі қоныс тойын тойлағалы отырған көршілерімді жаңа үйлерімен құттықтаймын. Үйге қол жеткізе алмай жүрген жандарға жұғысты болсын дегім келеді», – деді баспанаға қол жеткізген көпбалалы ана.

Айта кетейік, биылғы жылдың наурыз айында аудан орталығына қарасты «Нұршуақ» шағынауданында 56 жаңа пәтер кілттері үй кезегінде тұрған азаматтарға табысталған болатын. Осылайша, биыл 104 түлкібастық жаңа баспанаға қол жеткізіп отыр.

JQ-Aqparat
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры