jasqazaq.kz

Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды

19 шiлде 2025, 20:49

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Төлеби ауданына жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралады. Одан кейін аудан активімен кездесіп, Төлебиді дамыту жолдарын талқылады.
Нұралхан Көшеров: «2025 жылдың 6 айында ауданға негізгі капиталға 20,3 млрд теңге инвестиция тартылғанымен, бүгінгі таңда бірқатар ауылдық округ әкімдері жоспарды орындамаған. Осы ауыл округтерінің әкімдері мен салаға жауапты орынбасар жұмысты ширатсын. Аудан орталығы Ленгір қаласы қажетті инфрақұрылыммен толық қамтылған. Яғни, инвестиция тарту, жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын ашуға барлық жағдай жасалған. Алайда Ленгір қаласында соңғы жылдары жаңадан бірде-бір инвестициялық жоба іске асырылмаған. Жұмысты ширатыңыздар. Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы іске асырылуда. Бұл – уақытша науқан емес екенін, аталған маңызды жоба жыл бойы өз жалғасын табатынын үнемі айтып жүремін. Қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет. Осы бағыттағы жұмыстарды да жүйелеу керек», – дей келе, аймаққа инвестиция тарту, туризмді дамыту, өзіндік кіріс көлемін ұлғайту, ауыл шаруашылығын дамыту және өзге де мәселелер бойынша тапсырмалар берді. Жиында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов 6 айлық көрсеткіштерді баяндаса, басқарма басшылары өз салалары бойынша жоспарлар мен кемшіліктерге тоқталды.
Төлеби ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 6 айдың қорытындысымен 70,8 млрд теңгеге жетіп, өсім 39 пайызды құрады. Жалпы өңірлік өнімнің 53,3 пайызы өнеркәсіп, 20,4 пайызы ауыл шаруашылығы, 18,4 пайызы сауда және 7,9 пайызы құрылыс саласына тиесілі. Жан басына шаққандағы ішкі өнім көлемі 6 айда 480 мың теңгеге жетіп, өсім 39 пайызды құрады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 37,7 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 107,9 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 34 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 10,7 пайызға артқан. 2025 жылы өнеркәсіп саласында жалпы құны 6,5 млрд теңгені құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба іске асып, 180 жаңа жұмыс орындары құрылады.
Инвестициялық әлеуетті көтеру мақсатында Киелітас ауылдық округінен 14 гектар жерге шағын өндірістік парк салу жоспарлануда.
JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде