jasqazaq.kz

Түркістан: Төлеби ауданында жастар қамқорлықсыз қалмайды

07 маусым 2023, 15:33

Түркістан облысының Төлеби ауданындағы «Жастар ресурстық орталығы» аудандағы жастармен жиі кездесіп, түсіндіру жұмыстарын өткізіп тұрады.

Міне, сондай кездесудің бірі Леңгір қаласы мен 12 ауылдық округінде ұйымдастырылды.

Кездесуде орталық мамандары тарапынан жастарға «Серпін-2050», «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыс», «Алғашқы жұмыс орны», «2,5% пайыздық несие», «Дипломмен ауылға», «Болашақ» және «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламалары туралы кеңінен ақпарат таратылып, насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, жастарға жеке кәсіп ашу және бос уақытын тиімді пайдалану бойынша мәлімет берілді. Осындай түсіндірудің нәтижесінде 26 жас 2,5 пайыздық несие алу үшін өтінім жолдап, құжат тапсырды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, Төлеби ауданында бүгінгі күні 1593 жас жұмыссыз ретінде тіркелген. Олардың 1163-іне жолдама беріліп, бос жұмыс орындарына жіберілді. Оның ішінде, тұрақты жұмысқа 224 азамат орналасты. 287 азамат қоғамдық жұмыстарға, 55 азамат жастар практикасымен, 84 азамат әлеуметтік жұмысқа тұрды. Ал 87 жас алғашқы жұмыс орындарына орналасты.

Айдос Құсайынұлы
Сурет — Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі