jasqazaq.kz

Түркістан: Төле би ауданында «Жұртқа жақын полиция» қағидаты бұлжытпай орындалады

11 сәуiр 2024, 15:27

Түркістан облысы Төле би ауданында Мемлекет басшысының «Жұртқа жақын полиция» қағидаты аясында Көксәйек ауылында учаскелік полиция инспекторлары тұрғындармен жүздесті. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Маңызды шараға Төле би АПБ бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Ғалымжан Құрбаналиев қатысып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге айрықша маңыз берілетінін атап өтті.

Кездесуде жасөспірімдер арасында қылмысқа жол бермеу, жол-көлік оқиғасының алдын алу мен сақтық шаралары бағытында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Учаскелік полицейлер тұрғындар,а есеп беріп, былтырғы атқарылған жұмысты қорытындылады. Анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтардың статистикасы, қылмыстың алдын алу бойынша қабылданған шаралар және құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қағидаты қалай жұмыс істейтіні айтылды. Бұл полицияның өз жұмысында сервистік модельге көшу, халықпен тиімді серіктестік орнату, «полицияның қадамдық қолжетімділік» және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру, әсіресе, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға басымдық беретінін көрсетеді.

Кездесу соңында жиналған қауым көкейде жүрген сауалдарын ортаға тастады.

Айта кетейік, Түркістан облысы полиция департаменті бастығы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов 2024 жылды «Профилактика жылы» деп атап, жасөспірімдер қылмысы немесе оларға қатысты жасалатын қылмыстың алдын алуды тапсырған болатын. Сәуірден бастап ювеналды полиция тобының инспекторлар құрамы Төле би ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ бастамасымен жастар көп шоғырланатын орын, ойын-сауық орталықтары, кафе және басқа да аумақтарда түнгі рейд жүргізуді бастады. Барлық іс-шаралар мен жиналыстар алдағы уақытта да жоспарлы түрде өткізіледі.

Мақпал Махаметқызы
Суреттер Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде