jasqazaq.kz

Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр

22 сәуiр 2024, 14:37

Терроризмге қарсы күрес – құқық пен тәртіпті қамтамасыз етудің басты бағыты екені даусыз. Көрші елде болған лаңкестік әрекет террористік тұрғыдан осал саналатын нысандардың қорғалуы туралы мәселені күн тәртібіне шығарды. Осыған орай Түркістан облыстық полиция департаментінде осы мәселені талқылауға арналған басқосу болып өтті.

Іс-шараға ҰҚКД өкілдері Сұлтан Жарасов пен Мадияр Жанабекұлы, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және Күзет қызметін бақылау бөлімінің жеке құрамы, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілерді күзетуге жататын лицензиясы бар жеке күзет ұйымдарының басшылары, құрылтайшылары қатысты.

Жиын Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Есенәлі Сенбиевтің төрағалығымен өтіп, дағдарыс жағдайлары кезіндегі іс-әрекеттер мен жүзеге асырылатын шаралар талқыланды. Тиісті сала мамандары баяндама жасады.

Кез келген оқыс оқиғаға дайын болу үшін алдын алу және оқу-жаттығу іс-шаралары ұдайы өткізілуі тиіс. Сонымен бірге инженерлік-техникалық талаптарды сақтауды күшейту, қорғану нысандарының қауіпсіздігі талапқа сай болуы керектігі тәптіштелді.
Түркістан өңірінде полиция қызметкерлері террористік тұрғыдан осал нысандарды, тұрғындар көп шоғырланатын сауда сәуір айында және ойын-сауық орталықтарын, қоғамдық орындар мен кешендерді тексеруге кіріскен болатын. Әсіресе, террористік тұрғыдан осал нысанға жататын облыс орталығындағы ірі кешендер жан-жақты тексеріліп жатыр.

Қандай да бір кемшіліктер анықталған жағдайда кешен басшылығына нұсқамалар беріп, уақытылы жойылуын қадағалауда. Осындай тексеру жұмыстарын облыс полициясы бірнеше күнде 12 нысанға жүргізді.

Сауда ойын-сауық кешен қызметкерлеріне адамдардың қауіпсіздігі маңызды екенін және әртүрлі дағдарыс жағдайларындағы іс-қимылдар бойынша нысандарды күзетудің реттілігін түсіндірді. Департамент бастығының тапсырмасымен бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Ал Қазығұрт ауданында «Террористік тұрғыдан осал объектілер» тақырыбында жиын өтті. Аудандық полиция бөлімінің бастығы Алмас Серікбаевтың төрағалық еткен жиынға аудан кәсіпкерлері, денсаулық сақтау және білім ордаларының қызметкерлері қатысты.

Полиция подполковнигі А.Серікбев террористік тұрғыдан осал нысандарды, оның ішінде ірі сауда орталықтарын, қоғамдық тамақтану орныдарын терроризмге қарсы қорғау және бақылауды ұйымдастыру бағытын түсіндірді.
Ірі нысандарға бейнебақылау жүйелерін орнатып, дабыл қағу батырмаларын полиция бөліміне орталықтандырумен ғана шектелмей, замануи өрт сөндіру құрылғыларын, қосалқы шығу есіктерін орнату жағы да пысықталды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде