Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында

10 шiлде, 13:21

Түркістан өңірінде қауіпсіз қоғам қалыптастыру, заң мен тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету бағытында құқық қорғау органдары үздіксіз жұмыс жүргізіп келеді. Әр ауданда атқарылып жатқан жұмыс барысын облыстық Полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов өз баұылауында ұстайды. Түркістан облысы Полиция департаментінде ай сайын ауданның полиция басшылары полиция генерал-майоры М.Қабденовтың алдында есеп беру жиыня өткізіледі. Бұл жолы Созақ пен Отырар аудандарының 2024 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары сараланды.
Созақ аудандық полиция бөлімінің бастығы Ж.Нысанбаев есептік мерзімде Созақ ауданында тіркелген қылмыс саны азайғанын атап өтті. Бейнебақылау камераларының көмегімен 8 қылмыс ашылған. Өңірде жол апатының алдын алу мақсатында, «Мопед» жедел-профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырып, 86 мопед пен мотоцикл жүргізушілеріне әкімшілік шара қолданылған.

Ал Отырар аудандық полиция бөлімінің бастығы Е.Үсербаев: «Отырар ауданында жыл басынан 21 алаяқтық қылмысы орын алып, жалпы тіркелген қылмыстың 50 пайызын құрады. Өршіп тұрған бұл қылмыс түрімен күресу, тосқауыл қою мақсатында отырарлық полицейлермен 13 ауылдық округтегі барлық көше, үйлер араланып, тұрғындармен ескерту жұмыстары жүргізілді. Биыл мектептер мен жоғары оқу орындарында оқушылармен құқықтық тақырыптарда және жол қауіпсіздігі бойынша 41 кездесу өткізілді», — деді.
Жиын соңында облыстың бас полицейі нақты тапсырмалар жүктеп, тәртіп сақшыларының жұмысына сәттілік тіледі.
Айта кеткен жөн, облыстың бас полицейі Мұрат Қабденовтің тапсырмасымен Түркістан облысында өтіп жатқан жедел-профилактикалық жұмыс өз нәтижесін беруде.

Мәселен, полиция түнгі уақытта үйден тыс жерде болған 140-тан астам жасөспірімді анықтады. Облыста жүргізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері алғашқы тәулікте 200-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Тексеру кезінде полицейлер балаларды тәрбиелеу жөніндегі талаптарды тиісінше орындамағаны үшін 15 жасөспірімнің ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол берудің 8 фактісі анықталды. Ал жасөспірімдерге темекі, алкоголь өнімдерін сатқаны үшін сауда орындарының 2 сатушысы жауапқа тартылды.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың заңмен белгіленген уақыттан кейін ойынханаларда болуының 14 жайтын анықтады. Заңды өкілдерінің еріп-жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде болған 148 жасөспірімді тіркеді.


Ішкі істер органдарына құқық бұзушылық жасауға бейім 13 кәмелетке толмаған мен 9 қолайсыз отбасы профилактикалық есепке қойылды.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасында жазғы демалыс кезінде суда жүзудегі құқық бұзушылықтар мен қауіпсіз мінез-құлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Өз кезегінде полицейлер ата-аналарды балаларының мінез-құлқы мен тәрбиесін қадағалауға, олардың түнгі сағат 22:00-ден кейін үйден тыс жерде немесе ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінсіз жүруін қамтамасыз етуге шақырады.
Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал майоры Қабденов Мұрат Талапұлының нұсқауына сәйкес, әр аптаның жұма, сенбі күндері Жетісай ауданында да нүктелік жедел профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылуда.
Аталмыш іс-шарада қоғамдық орындар мен көшелерде қылмыстардың алдын алу, жасөспірімдермен, оларға қатысты құқық бұзушылықтарды болдырмау, есепте тұратын тұлғалардың мекен жайлары бойынша тексеріп профилактикалық жұмыстар жүргізу, сондай-ақ, жол апатына тікелей алып келетін өрескел құқықбұзушылықтар анықтау мақсат етілген.
Шараны жүзеге асыру барысында Жетісай ауданының полиция қызметкерлері рейдтік шаралар ұйымдастырып, есепте тұрған тұлғалардың үйлеріне барып, тұрғындарға құқық бұзушылықтарға жол бермеу үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Соңғы кезде бүкіл ел бойынша мопед пен электрсамокаттың қаптағаны сонша, олардың жүріп-тұруын бақылауға алу өткір мәселеге айналды. Бұл бағытта Түркістан өңірінде де түсіндіру жұмыстары қолға алынды.

Мәселен, Мақтаарал ауданының полициясы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елді мекендерді аралап мотоцикл, мопед, скутер, электросамокат жүргізушілерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Профилактикалық шара барысында аталған жүргізу құралдарын кәмелетке толмағандармен басқаруға қатаң тыйым салынатыны жөнінде және оларға берген жағдайда, көлік құралдарын айып-тұраққа орналастыратыны айтылды.
Алайда осы атқарып отырған шараларға қарамастан- қазіргі таңда кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қатысуымен жол көлік оқиғалары азаяр емес. Осы орайда облыс полициясымен мүдделі мемлекеттік органдарды, зиялы қауым өкілдерін, бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, профилактикалық шараларды күшейту жұмыстары жалғасуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен көктемнен бері өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясының барысы тәртіп сақшыларының қадағалауында.
Сауран аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қоршаған ортаны абаттандыру, жалпы пайдалану орындарын ластау ережелерін бұзудың алдын алу бойынша іс-шараларды жүйелі түрде жүргізуде.
Атап айтқанда, акция басталғалы полицейлер 1000-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде абаттандыру ережелерін бұзу – 400, қоғамдық орындарды ластау – 300, жолдың жүру бөлігін ластау – 150-ден асады.
Іс-шараның мақсаты – қоғамда кез келген заң бұзушылықтарға «нөлдік төзбеушілікті» қалыптастыру. Осы орайда полиция барша тұрғындарды қоршаған ортаға немқұрайлы қарамауға, елді-мекендерді көркейтуге үлес қосуға шақырды.

Айдос Құсайынұлы

Суреттер: Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі
4909

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген