jasqazaq.kz

Түркістан: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

25 қыркүйек 2024, 17:54

Бүгін Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жиынға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев, құқық қорғау органдары мен басқармаларының басшылары мен аудан,қалалардың әкімдері қатысты. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды.
Алдымен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындылары туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің Превенция басқармасының басшысы Нұрлан Құдайбергенов пен облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның баяндамалары тыңдалды.
Сыртқы талдау қорытындылары бойынша субсидияланатын жұмыс орындарына қаражаттың тиімсіз жұмсалу фактілері, атаулы әлеуметтік көмек бойынша негізсіз төлемдерді аудару, жеке көмекшілердің қызметтерін ұсыну кезінде, оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталғаны, сондай-ақ оларды жою жөнінде тиісті ұсынымдар енгізілгені баяндалды.


Облыс әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызына тоқталды.
«Осы саладағы барлық кемшіліктерді жоюды тапсырамын. Біз білім беру саласын мұқият зерттеп, қаржылық бұзушылықтарды анықтадық. Енді жауапты құқық қорғау органдарымен бірге әлеуметтік саланың барлық мекемелеріне тексеру жүргізілуде. Барлық салаларда қаржылық жағдайға мониторинг жүргізіледі. Мемлекет бюджетінің әрбір тиыны тиімді болуы және өз мақсаттары үшін, ел мүддесі үшін жұмсалуы тиіс. Заңсыздыққа жол берілмейді. Басқармалардың басшылары, аудандар мен қалалардың әкімдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты жандандырып, бақылауды күшейту қажет. Біз бұл мәселені үнемі қадағалап, тиісті жұмысты жалғастырамыз», деді Дархан Сатыбалды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе – облыстағы «сақалды» құрылыс нысандары құрылысына қатысты жауапты тұлғаларға Ордабасы ауданындағы мектептер мен Төлеби ауданындағы көпір салу мәселесін аяқтау және реттеу бойынша тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар отырыста №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру барысы қаралды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев мемлекеттік, бюджеттік және квазимемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыру қажет екенін, бұл мәселе тұрақты бақылауда тұрғанын атап өтті.
Мәжіліс қорытындысы бойынша облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен комиссия мүшелері тарапынан жауапты басшыларға, аудандар мен қалалардың әкімдеріне тиісті тапсырмалар берілді.

JQ-Aqparat
Суреттер: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі