jasqazaq.kz

Түркістан: Созақтан шыққан азаматтардың сауапты ісі

08 маусым 2023, 16:37


Түркістан өңірінде түлектердің туған ауылына, мектебіне, мұқтаж жандарға тарту жасайтын дәстүрі әлі де жалғасып жатыр.

Мемлекеттік рәміздер күніне орайластырып, Созақ ауылының жастары тағы бір игі істің ұйтқысы болды. Ауылдағы Созақ жалпы орта мектебі гимназиясын 20 жыл бұрын бітірген түлектер ауылдың кіреберісіндегі «Жастар» саябағының алдына биіктігі 25 метрлік «Ту тұғырын» орнатты. Сөйтіп бұл саябақта «Рәміздер аллеясын» ашты.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі жазғандай, Созақ ауылдық округі әкімдігі мен ауыл жастарының ұйымдастыруымен аталған аллеяда Мемлекеттік ту көтеріліп, Әнұран шырқалды.

Мектепті 2003 жылы бітірген азамат — Ғабит Байғонысұлы былай деді: «Саусақ бірікпей, ине ілікпес» деген ұлағатты сөз бар дана халқымызда. Туған жерге титімдей болса да жақсылық жасау – біздің перзенттік парызымыз. Елтаңба, Ту, Әнұран – бұл Тәуелсіздігіміздің басты символдары. Сыныптастармен ақылдаса келе, патриоттық рух сыйлайтын әрі өзіміздің артымыздан еріп келе жатқан кейінгі жастарға үлгі болсын деген ниетпен осындай тарту жасауды жөн көрдік. Алдағы уақытта да ауылдың көркейіп, гүлденуіне атсалысамыз».

Ауыл тұрғындары ризашылығын білдіріп жатты. Ауыл округінің әкімі Батырхан Аяпов түлектерге алғысын айтып, ауылды көркейтуге атсалысып жүрген жандардың ісі көпке үлгі екенін атап өтті.

Тағы да айта кетейік, Түркістан облысында биыл соңғы қоңырау қарсаңында облыста 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер 6 баспана, 1 аллея, 1 аялдама және 1 спорт кешенін сыйға тартты.

Айдос Құсайынұлы

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі