jasqazaq.kz

Түркістан: Созақта абаттандыру жұмыстары қарқынды

05 маусым 2025, 13:12

Түркістан өңірінде елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғыртуға, әлеуметтік нысандардың көптеп салынуына айрықша мән беріледі.

Мәселен, Созақ ауданында осындай жұмыстар қазіргі уақытта қарқынды жүріп жатыр. Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков атқарылып жатқан абаттандыру және құрылыс жұмыстарының барысын өз қадағалауында ұстайды. Жуырда Шолаққорған ауылында ішкі көшелерді кешенді дамыту бағытындағы жұмыстардың сапасын бақылауға алып, жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.

Өңір басшысы С.Қожанов және Жібек жолы көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолдары, көше жарықшамдары, жол жиегіне қойылып жатқан тастар мен бетоннан құйылған арықтарды жаңарту жұмыстарының жай-күйін көріп шықты. Сонымен қатар, аудан орталығындағы маңызды нысандарының бірі — жаңадан бой көтеріп жатқан аудандық кітапхана ғимаратының құрылыс барысымен танысты.

Сапар барысында Жеткіншек мөлтек ауданында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ демеушілігімен салынып жатқан 2 қабатты 2 тұрғын үйдің құрылысын бақылады. Сондай-ақ, 3 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Аудан басшысы аталған құрылыс алаңдарында да болып, мердігер өкілдерімен кездесіп, құрылыс сапасына қатысты қатаң талаптарды сақтауды тапсырды. Сонымен қатар, «Жасыл белдеу» аумағында егілген көшеттердің күтімі мен сақталуы да назарға алынды.

С.Қожанов көшесінде Шымкент бағытындағы кіреберіс Ерімбетов көшесінен бастап, «Мыңжылқы» мәдениет үйіне дейінгі 7 шақырымдық аумақта үлкен жолдың екі жағынан аяқ жол салынуда. Бұл көшеге 235 дана жарықшам, 4 аялдама, 60 қоқыс жәшігі мен орындықтар орнатылатын болады. Оған қоса, үлкен жол бойына 352 дана көше жарықшамдары орнатылып, көшенің көркем келбетіне ерекше көңіл бөлінуде. Ал Жібек жолы көшесіне Түркістан бағытындағы айналма жолдан «Мыңжылқы» мәдениет үйіне дейінгі 6 шақырымдық аумақта екі жақты аяқ жол салынуда. Сонымен бірге, 2,5 шақырым арық жаңартылады. Бұдан бөлек, Ш.Оқшиев көшесінен бастап айналма жолға дейін 1,5 шақырымдық велосипед жолы салынады.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін, 15:51
«Закон и порядок»: лекцию о цифровой безопасности провели для столичных школьников
10 сәуiр, 23:03
"Народный юрист": жителям Астаны оказали бесплатную юридическую помощь
08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников