jasqazaq.kz

Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты

16 шiлде 2025, 14:40

Түркістан облысын дамытудағы негізгі бағыттың бірі – туризм. Өңірге келушілер саны жылдан-жылға артып келеді.
Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, биылғы бес айда тарихи орындарға 424 мың адам саяхаттап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға артқан. Табиғи аумақтарға саяхаттаушылар саны 58 мыңға жуықтап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есеге көбейген.
Туризмді дамыту, туристерге қолайлы жағдай жасау мәселесі күн тәртібінен түскен емес.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласындағы саяхатшылар көп келетін орындарға кезекті рет зерделеу жұмыстарын жүргізді. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен сол маңдағы туристік нысандарды аралап, тазалық жұмыстары, келушілерге қолайлы жағдай жасау, қызмет сапасын көтеру бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.
Мемлекет басшысы туристік инфрақұрылымды жақсарту міндетін жүктегенін білесіздер. Түркістанға ерекше мәртебе берілді. Сондықтан туризм – басым бағытқа ие. Саяхатшылар мен зиярат етушілерге қолайлы жағдай жасап, қызмет сапасын жақсарта түсу керек», – деген Нұралхан Көшеров анықталған кейбір кемшіліктерді жоюды тапсырды.
Аралау барысында нысандардың жай-күйі, санитарлық талаптарға сәйкестігі және өзге де мәселелер қаралды. Тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, «E-qonaq» жүйесіндегі деректерге сәйкес, биылғы 5 айда Түркістан облысына 18 699 шетелдік турист келген. Бұл – өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 2 есе көп. Әсіресе, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Қытай, Қырғызстан елдерінен саяхатшылар көп келген. Келген туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Түркістан қаласындағы туристік полиция қызметкерлері бейнежетон, планшет, рация, арнайы киім және электрокармен қамтылған.
JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді