jasqazaq.kz

Түркістан: Шардаралық диқандар тамшылатып суару әдісімен 100 гектарға жуақ жерге пияз еккен

24 мамыр 2024, 16:48


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында аймақтарға ауыл шаруашылығының егіс алқаптарында суды көп қажет ететін дақылдарды азайтып, мейлінше құрғақшылыққа төзімді дақылдарды көбейту, су үнемдейтін технологияны ауқымды түрде енгізу қажеттілігі жөнінде тапсырма берген болатын. Бүгінгі таңда Түркістан облысындағы бірқатар аудандар осы бағыттағы жұмыстарды күшейткен.
Мәселен, Шардара ауданы, Жаушықұм ауылының тұрғыны Төлеген Жұмабеков егістік алқаптың 3 гектар жеріне тамшылатып суару әдісімен пияздың «Кэнди» тұқымын еккен. Сонымен қатар, шаруақожалық қосымша 10 гектар жерді игеруді бастаған. Шаруаның сөзінше, тамшылатып суару әдісі — ағын суды үнемдеп ғана қоймай, артық арамшөптерден арылуға да мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ауылдағы «Тұрар» шаруақожалығы да 33 гектар аумаққа еккен пияз дақылын тамшылатып суару әдісімен суғарып отыр. Сондай-ақ, Жаушықұм массивіндегі Көксу ауыл округінде «Абыт» және «Бауыржан» шаруа қожалықтары 50 гектар жерге Жамбыл облысының диқандарымен бірлесіп пияз егістігіне тамшылатып суару әдісін енгізіп отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі