jasqazaq.kz

Түркістан: «Серпін» бағдарламасы қалай жүзеге асып жатыр?

17 мамыр 2023, 15:56

   

Оңтүстік аймақтарда мектеп бітірген түлектерді солтүстіктегі университеттерде тегін оқытып, соның есебінен жастарды солтүстіктегі ауылдарда бірнеше жыл жұмыс істеуге міндеттеуді көздейтін «Серпін» бағдарламасының іске қосылғанына біраз жыл болды. Ол қалай жүзеге асып жатыр?

Түркістан облысы әкімдігінің хабарлауынша, «Серпін» бағдарламасының бүгінде тиімділігі артқан. Мәселен, бұрын оқу бітірген студент осы кезге дейін өзі оқыған аймақта 3 жыл жұмыс істеуі керек деген талап болса, қазір еліміздің 11 облысының кез келгенін таңдау құқығына ие. Өзгерістерге байланысты өтеу мерзімі де 2 жылға қысқартылып отыр. Мемлекеттік гранттар Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Абай, Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстарындағы университеттерге бөлінеді.

Бұл бағытта Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлерінен жұмысшы топ құрылып, қазір олар Семей қаласының жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттермен кездесулер өткізуде. Мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі жөнінде сұхбаттасып, жатақханалардың жағдайымен танысты.
Түркістандық топ құрамының әуелгі сапары Әлихан Бөкейхан университетінен басталды. Кәсіби дағдыларды дамыту мен сапалы академиялық бағдарламалар аясында 3 факультет және 9 кафедра жұмыс істейді. Ал 2011 жылдан бастап «Әскери кафедра» ашылған. Жалпы бакалавриат – 32, магистратура – 20, PhD докторантура бойынша – 6 білім беру жоспары қамтылған оқу орнына тегін оқуға жастар «Серпін» бағдарламасы арқылы қол жеткізе алады. Сондай-ақ мұнда қажетті құралдармен жабдықталған және қолайлы жағдайлар жасалған 500 орындық «Студенттер үйі» бар. Пікір алмасу нәтижесінде Ә.Бөкейханов университеті мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» арасында меморандум түзіліп, келіссөздер жүргізілді.

Айдос Құсайынұлы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде