jasqazaq.kz

Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды

14 шiлде 2025, 18:10

Түркістан облысына қарасты Арыс қаласы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Түлкібас және Төлеби, Бәйдібек аудандарының әкімдері, сондай-ақ облыстық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары мен бөлімдерінің басшылары мен ауылдық округ әкімдері Сауран ауданына арнайы іссапармен барып, өңірлік кәсіпкерлікті дамытудың тиімді тәжірибелерімен танысты. Индустриялық жобалардың жүзеге асу барысын бақылап, өзара тәжірибе алмасты.

Басшылар алдымен бас сұққан Шаға ауылдық округіндегі өндірістік паркінде  бірқатар ірі жобалар іске асырылып жатыр. Мәселен, ауыл шаруашылығына арналған тамшылатып суару жүйелері мен тіркемелі техникалар шығаратын «BNK GROUP LTD» ЖШС-нің жұмысы таныстырылды. Кәсіпорын өз өнімдерін тек ішкі нарыққа ғана емес, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және басқа да елдерге экспорттауды көздейді. Ал «Aqniet Holding» ЖШС мектеп, кеңсе және медициналық жиһаз өндірісімен айналысады.

Содан кейін делегация Иассы ауылдық округіне қарасты Еңбекші Дихан елді мекенінде орналасқан өндірістік аймақты аралап, жобалармен танысты. Бұл аумақта 9 гектар жерге 24 жобаны орналастыру жоспарланған. Солардың бірі — «AR Group LLP» ЖШС, кәсіпорын клинкер қасбеттік плиткалар өндірісін жолға қойған. Өнімдер құрылыс саласына қажетті сапалы материалдар қатарын толықтырып отыр.

Келесі кезекте делегация Қарашық ауылындағы 10 гектар аумақта орналасқан өндірістік аймақты аралады. Мұнда жалпы 20 жобаны жүзеге асыру көзделген болса, қазіргі таңда 12 кәсіпкер құрылыс жұмыстарын бастап кеткен. Сонымен қатар Жүйнек ауылдық округінде орналасқан «MinPromKaz» ЖШС құрғақ құрылыс қоспаларын, «Asia Brand» ЖШС корпустық жиһаз, «DIVALUX» ЖШС жұмсақ жиһаз өндіретін кәсіпорындарына да барды.

Сауран ауданында өндірістік аймақтарды дамыту — өңір экономикасын әртараптандыру, кәсіпкерлік белсенділікті арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған аралау өзара ынтымақтастықты нығайту және басқа өңірлерде де осы секілді жобаларды жүзеге асыруға тың серпін берері анық.

JQ—Aqparat

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді