jasqazaq.kz

Түркістан: Сауран ауданында 200-ге жуық мал бордақылау алаңы салынады

29 шiлде 2025, 13:49

Түркістан облысы мал шаруашылығын дамыту жағынан ел бойынша көш бастап тұрған облыстардың бірі. Соңғы жылдары бұл өңірде мал бордақылау алаңдары көбейіп, мал өнімдерін өндіруге басымдық беріле бастады.
Жуырда Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров аудандағы мал шаруашылығын дамыту бағытында жұмыс жүргізіп жатқан кәсіпкерлермен кездесті. Бүгінде аудандағы 12 ауылдық округте жалпы көлемі 231 гектар жер мал шаруашылығын дамытуға берілген. Әр шаруаға 50 сотықтан жер бөлініп, кемінде 100-ден 500 басқа дейін ірі қара мал бордақыланбақ.
Сонымен қатар, орталық мал сою бекеттерін құру да көзделуде. Қазіргі таңда 196 мал бордақылау алаңы белгіленіп, оның ішінде 37 шаруа қожалық құрылыс жұмыстарын бастап кеткен. Соның нәтижесінде 600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылып, аудан бойынша ет өнімінің көлемі 2 есеге артады деп күтілуде.
Аудан әкімі: «Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын қолдауға барлық жағдай жасалып отыр. Мал шаруашылығымен айналысатын шаруаларды бір орталыққа шоғырландырып, жер телімдерін бөліп бердік. Қазірдің өзінде нақты жобалар іске асып, ауданның экспорттық әлеуеті артып келеді. Бұл — бір жағынан өнім көлемінің артуына, екінші жағынан жаңа жұмыс орындарының құрылуына сеп болуда», — деді.
Кездесу кезінде кәсіпкерлер өзара тәжірибе алмасып, салынып жатқан жобаларымен бөлісті. Атап айтқанда, 10 мың бас ірі қара малға арналған «Мырзахан» шаруа қожалығы мен 10 мың бас ұсақ малға арналған «Әл-Береке» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің құрылысы жүргізілуде.
Мал шаруашылығын жүйелі жүргізу жүргізілуде.
Мал шаруашылығын жүйелі жүргізу арқылы Сауран ауданы алдағы жылдары аймақтық ет өндірісінің жетекші орталықтарының біріне айналмақ.
JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді