jasqazaq.kz

Түркістан: Республика күні қарсаңында ордабасыда бір ауылға газ берілді

24 қазан 2023, 11:11


Республика күніне орай Ордабасы ауданы, Қарақұм елді мекеніне газ құбырын жүргізу құрылысы аяқталып, іске қосылды.Мердігер

«Gas Energy Construction» ЖШС мекемесі 2022 жылы бастаған жоба биыл күз айында аяқталып, жалпы ұзындығы 24,665 шақырымды құрайтын құбыр арқылы 600-ге жуық абонетке газ жеткізілді.

Тұрғындардың қуанышын бөлісуге аудан әкімі Азат Оралбаев, облыстық мәслихат депутаты Ғани Райымбеков, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков арнайы келіп, қарақұмдықтардың құттықтады.

– Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында ауылдарымызда да қаладағыдай жағдай жасалуда. Алда ауылдағы тұрғындар қатты отын тұтынудан арылып, таза, табиғи газ тұтынады. Осы орайда баршаңызды келе жатқан Республика күнімен, газ құрылысының іске қосылуымен құттықтаймын, – деді аудан әкімі өз сөзінде.

Салтанатты шарада аудан басшысы, ауыл ақсақалдары, халық қалаулылары көгілдір отынның алауын жағып, ауылда газға қосылған тұрғын үйдің қуанышын бөлісті.

Айта кетейік, ауданда бұған дейін 9 елді мекені табиғи газбен қамтылған. Биыл тағы 25 елді мекенде газ жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 17 елді мекен газға қосылады. Нәтижесінде елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 21,6 пайыздан 46,8 пайызға артады. Ал 8 елді мекеннің газдандыру құрылысы 2024 жылы аяқталмақ

JQ-Aqparat

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры