jasqazaq.kz

Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды

22 сәуiр 2024, 15:46

Қылмыс ірі-ұсақ деп бөлінбейді. Біздің елімізде кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік қағидаты үстем. Соған орай Түркістан өңірінің полициясы да «нөлдік төзім» саясатын басшылыққа алып, ұсақ ұрлық жасалса да, қылмыскерді ізін суытпай жылдап құрықтайды.

Мәселен, жуырда біреу көршісінің үйінен шығып кеткенін байқап қалады. Көршісінің ауласына қоршаудан секіріп енеді. Құрылысқа қажетті темір-терсекті алып кетеді. Темірді өткізіп, ішімдік сатып алмаұшы болады. Көршісі үйіне келгенде жинап қойған темір-терсегінің қолды болғанын біледі. Төлеби аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізіп, ұрлық қылмысына қатысы бар 47 жастағы жергілікті тұрғынды ұстайды. Сөйтіп полиция қызметкерлерінің шұғыл іс-әрекетінің арқасында айғақты зат ретінде қолды болған заттар иесіне қайтарылды.

Тағы бір ұрлық Шардара ауданында орын алды. Жалңыз тұратын қарттың үйіне танысы келіп, екеуі жүз грамнан жұтып алады. Ұарт кісі ұйықтап кеткенде күдікті үстел үстіндегі телефонды алып, үйден шығып кетеді. Оянған кезде телефонының орнын сипап қалған қарт полицияға шағымданады. Сөйтіп жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы күдікті ер адамды құрықтайды. оның телефонды сатып, ақшасын қалтаға баспақ ниеті жүзеге аспай қалды. Полиция телефонды иесіне қайтарды. Қазір басы білеге қалған күдіктінің басқа қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сол сияқты Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, ұрлық қылмысына қатысы бар деген екі күдіктіні ұстады. Тергеу кезінде анықталғандай, бұл екеуі оңай олжа іздеп, түн ішінде бөгде біреудің үйіне кірген. Алдымен үйде ешкім жоқ екеніне көз жеткізіп, қоршаудан қарғып ішке кірген. Үйдің кіре берісінде «менмұндалаған» велосипедті көріп, көздері шырадай жанған ұрылар 65 мың теңге тұратын велосипедті жымқырып, іздерін суытқан.

Полиция қызметкерлері күдіктілердің бірінің үйіне тінту жүргізген кезде жасырып қойған велосипедті тауып алады. Әлбетте, ол иесіне қайтарды.

Қазір күдіктілерге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Міне, Түркістан облысының полициясы ұрлық жасағандардың адымын аштырмай, жылдам ұстауының арқасында тұрғындардың алғысына бөленуде.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде