jasqazaq.kz

Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды

26 сәуiр 2024, 14:56


Күн сайын жарияланатын жаңалықтар легінде жол-көлік оқиғасынан мерт болғандар туралы ақпарат көзге жиі шалынады. Автокөліктің апатқа ұшырауына негізінен ішімдіктен ұрттап алып рульге отыру, жылдамдықты асыру себепші болып жатады. Жол ережесін сақтамау да талай жүргізушіні сан соқтырғаны анық. Сондықтан Түркістан өңірінің полициясы жол-көлік апатының алдын алуға күш салады. Мұның өзі полиция қызметкерінен айрықша қырағылықты талап етеді.
Сондай бір оқиға Түлкібас ауданында болды. Аудан полициясы күнделікті қызмет атқару кезінде кешкі уақытта аудан көшелерінің бірінде қауіпсіздік белдігін тақпаған, әрі жүрісі күдік тудырған «Opel vectra» маркалы автокөлік жүргізушісін көріп қалды. Полиция дереу құқық бұзушының соңынан қуып жетіп, тоқтатты.
Жүргізушімен әңгіме барысында полицейлер оның «жұтып» алғанын байқады. Оның үстіне жүргізуші куәлігі де жоқ болып шықты. Сот шешімімен ол 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Мәшинесі айып тұрағына қойылды.
Облыстың тағы бір ауданында бес тәулікте 30-ға тарта көлік айып тұрағына жөнелтілген.
Түркістан облысында 22-26 сәуір аралығында Түркістан облысының аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтетіні хабарланған еді. Соған орай Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кешенді шараларды жүргізді. Учаскелік полиция инспекторлары мемлекетке берешегі бар азаматтардың тізімі бойынша айыппұл өндіру тапсырмасын орындауға кірісті. Сондай-ақ жеке сот орындаушыларымен бірге мәжбүрлеп өндіру жұмыстары жүргізілді.
Кез келген құқық бұзушылықтың алдын алуда түсіндіру жұмыстарын жүргізудің де пайдасы зор. Осындай жұмыс нәтижесінде аудан бойынша 159 әкімшілік хаттама анықталып, айыппұл төлеу керектігі жөнінде 353 ескерту хаты таратылды. Айыппұлды төлемей жүрген 24 жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды.
Мұндай іс-шараның нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі қаулылардың орындалуы қадағаланып, айыппұл төлеуден жалтаратын борышкерлер анықталады. Сондықтан Түркістанның құқық қорғау қызметкерлері айыппұлды ұзаққа созбай төлеуге шақырады.

JQ-Aqparat

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл