jasqazaq.kz

Түркістан: «Полициядағы бір күн» іс-шарасы өтті

02 шiлде 2024, 10:43

Еліміздің ішкі істер министрлігі М. Есболатов атындағы Алматы академиясы мен Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстандағы Германияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамының (GIZ) қолдауымен маңызды іс-шара өткізді. Бұл туралы Түркістан оьлысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. “Полициядағы бір күн” деп аталатын шараға облыс жастары қатысты. Негізгі мақсат – полицияның жастармен тығыз ынтымақтастығы мен серіктестігін орнату арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
– Бүгінгі іс-шарамызға Түркістан облысының 35 жасөспірімі қатысты. Біз олардың көзінен болашаққа деген сенімді, полиция қызметіне деген оң көзқарасты көрдік. Оларға тәртіп сақшыларының күнделікті атқаратын жұмысын көрсеттік. Ой сергітетін тренинг ұйымдастырдық, жастарға ұнады. Айта кетейін, бұл жоба еліміздің 11 облысында өтті. Бүгін жолымыз Түркістанға түсті, – деп атап өтті академияның ғылыми-зерттеу және редакциялық баспа жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы Жансерік Сапаров.
Полиция департаментінде ұйымдастырылған ұзақ мерзімді экскурсияда жергілікті колледж студенттері мен оқушыларға жедел басқару орталығының, криминалист-сарапшылардың және кинологиялық қызмет орталығының жұмысы көрсетілді.
“102” дабыл желісіне қоңыраулар қалай түсетіні және тіркелетіні, түрлі сараптамалар қалай жүргізілетіні және қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқаратын нарядтардың іс-қимылдары қалай үйлестірілетіні таныстырылды. Сондай-ақ жастар жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлерінің қойылымы, қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін тамашалады. Қару-жарақ түрлерімен танысты.
Полиция қызметкерлерімен экстремизмнің алдын алу, есірткіге төзбеушілік бойынша түсіндірмелер жүргізілді. Іс-шара соңында мәжіліс залына жиналған жастар екі топқа бөлініп, тренингке қатысты. Қатысушылар команда капитандарын сайлап, логикалық жарыстарда белсенділік танытты. Соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
Сонымен қатар қонақтар үшін ҚР ІІМ жоғары оқу орындарына түсу ережелері түсіндіріліп, кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Ашық есік күнінің негізгі мақсаты – жастарға полиция қызметінің қыр-сырын түсіндіру, осы мамандықты таңдаған жастарға бағыт-бағдар көрсету. Ашық есік күніне қатысқан жастар полицияда өткен бір күн үшін, ашықтық үшін алғыстарын білдірді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі