Түркістан: Полиция заманауи технологияларға сүйенеді

11 сәуiр, 13:32

Полицияның күнделікті қызметінде қазіргі заманғы технологияларды кеңінен пайдалану – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі істер органдарының алдына қойған басты міндеттің бірі. Бұл бағыттағы жұмыс ең әуелі тұрғындардың құқығы мен қауіпсіздігін қорғауға, қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған. Цифрландыру құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмыстарды неғұрлым тез ашуға мүмкіндік береді. Түркістан облысындағы құқық қорғау органдарында заманауи технологияларды енгізуге басымдық беріледі. Осы бағытта атқарылған жұмысты тексеру мақсатында ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов бастаған мемлекеттік органдардың арнайы тексеруші тобы (цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҰҚК, Бас прокуратура, қаржы министрлігі және т.б) өңірге іссапармен барды.

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Цифрлы Қазақстан», «Цифрлы полицей» мен «Полицияның сервистік модельге көшуі» негізінде жүргізіліп жатқан цифрландыру бағытындағы жұмыстарды бақылау мақсатында, ІІМ-нің өкілдері бірінші кезекте полиция департаментінің Жедел басқару орталығына келіп, мұндағы цифрлық шешімдердің орындалуын тексерді. Өңір жолдарындағы, білім беру орындары мен бала бақшалардағы бейнекамералардың іске қосылуына байланысты атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сонымен бірге полиция департаменті қолданып отырған соңғы үлгідегі цифрлық технологиялар мен көліктердің жұмысын бақылады.

Комиссия назарынан департамент қызметкерлерінің сандық технологияны меңгеруі, қағазбастылықтан арылу бағытындағы қызметі де тыс қалмады. Бұл бағытта олар тергеу саласының, криминалистердің, кадр мен басқа да құрылымдардың цифрландыру бойынша атқарып жатқан жұмыстарын тексеріп, пысықтады.

Айта кеткен жөн, Түркістан облысында тұрғындарға ыңғайлы әрі ашық болу мақсатында ашылған сервистік орталық жұмыс істейді. Осы орайда комиссия қолданысқа жаңадан енген ішкі істер министрлігі бағдарламаларының қолданылуын тексерді.

Комиссия халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын барып көрді. Одан кейін Кентау қаласындағы полиция бөлімі кіші жедел басқару орталығының жұмысын бақылады. Облыстағы полицейлердің жаңа технологиялармен қамтамасыз етіліп, қолдануын тексеру шарасы Шымкент қаласында жалғасты. Мұнда тексеруші топ Қылмысты атқару жүйесінің Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша департаментінің жұмысын тексерді.

Тексреу жұмыстары біткеннен кейін Сәкен Сәрсенов: «Цифрландыру – қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан ауқымды реформаның негізгі құрамдас бөлігі. Полицияның күнделікті қызметінде заманауи технологияларды кеңінен қолдану – Мемлекет басшысының ішкі істер органдарының алдына қойған басты міндеттерінің бірі. Бұл жұмыс ең алдымен заңдылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың құқықтарын сақтауға және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тиімділігін арттыруға бағытталған», — деп түйіндеді.

Талап Тілеген

Суреттер: Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бүгін, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді