jasqazaq.kz

Түркістан: Полиция ұрлықтың ізін суытпай ашады

21 мамыр 2024, 16:15

Ұрлықтың ұсақ-ірісі жоқ. Маңдай термен тапқан дүниесі қолды болғандар осылай дейді. Сондықтан тәртіп сақшылары кез келген ұрлықты ізін суытпай ашуға тырысады. Түркістан өңіріндегі полицейлер ұрыны ұстауда әбжіл. Сөзімізді растау үшін бірнеше мысал келтірейік.

Созақ ауданында бір ер адам көршісінің үйіне ұрлыққа түсіп, 740 мың теңгеге жуық ақшасын ұрлаған. Ол бір апта бұрын дәл осы көршісінің үйіндегі шкафтан алтын бұйымдарын ұрлаған екен. Күдікті ұрлаған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, ақшаны құмар ойынға жұмсаған. Созақ ауданы полициясы 26 жастағы ер адамды бірден анықтады. Сөйтіп құдайы көршісінің үйіне кіріп, бір емес, екі рет ұрлық жасаған күдіктіге қатысты тергеу жұмысы басталды.

Ордабасы полициясы ұрлық қылмысын ашты. 36 жастағы күдіктіні дер кезінде анықтап, оған қатысты қылмыстық іс қозғады.
Оқиға былай болған: ер адам қылмыстық оймен су құбырларын төсеу жұмыстары жүріп жатқан мекенжайдан су есептегіш құралдың 600 данасын ұрлаған. Сөйтіп жәбірленушіге бес миллион теңге шығын келтірген. Ал өзі ұрланған затты темір қабылдайтын орынға өткізіп жіберген. Полиция қызметкерлері айғақты затты тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі кезде күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Ал Отырар аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын құны 50 мың теңге тұратын дүрбісінің ұрланғаны туралы арызданды.
Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шаралары аталған ұрлық қылмысын жасаған күдікті анықталды. Ол жәбірленушінің үйіне қонаққа келген, 29 жастағы танысы болып шықты.

Мән-жайды анықтағанда қонақ жігіттің үй иесінің дүрбісіне қызығып, жасырын алып шыққаны әшкереленді. Тәртіп сақшылары ұрланған дүрбіні тәркілеп, иесіне табыстады. Қонаққа келіп, ұрлық жасаған ер адамға қатысты «ұрлық» бабымен тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сайрам ауданында жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде полицейлері ұрлық қылмысын жасады деген күдікпен жас жігіттерді қолға түсірді.

Белгілі болғандай, 4 күдікті жігіттер кешкі уақытта айып тұрағында тұрған көлігіне ұрлыққа түскен. Яғни олар көліктің алдыңғы терезесін сындырып, ішінен 2 дана акумуляторын ұрлап кеткен.

Ал ұрланған затты металл сынықтарын қабылдау пунктіне өткізіп жіберген. Полиция қызметкерлері айғақты затты тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі таңда күдіктілердің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан ПД баспасөз қызметі

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл