jasqazaq.kz

Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді

12 сәуiр 2024, 20:37

Қазіргі заманда қоғамдағы аса қауіпті дерт — нашақорлыққа қарсы күрес құқық қорғау органдарының басты міндеттерінің бірі. Осы орайда жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Түркістан өңірінде бұл бағытта тұрақты түрде жұмыс жүргізіледі.
Міне, бүгін де Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен есірткіге және дәріханалық нашақорлыққа қарсы ауқымды форум өтті. Бұл шараға Түркістан облысының прокуратурасы, облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері де өз үлесін қосты. Арнайы шақырылған мамандар залықаралық Қазақ-Түрік университеті, медициналық колледждің студенттері мен оқушыларға «Қауіпсіздік пен қамқорлыққа қадамдар: есірткіге қарсы күрестегі және психикалық денсаулықты қолдаудағы салауатты университет» тақырыбында сөз қозғады.


Полиция полковнигі А.Бұрханов студент жастардың алдында сөз сөйлеп, есірткі қылмыстары, оның ішінде қазіргі жастар арасында белең алып жатқан синтетикалық есірткінің таралуына қарсы атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтып берді. Оның заң алдындағы жауапкершілігі туралы құқықтық түсіндірме жұмысын жүргізді.
Есірткіге елту түрлі қылмыстарға алып келудің бірден-бір жолы екенін және одан аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Сонымен қатар прокуратура өкілі өз баяндамасында интернет арқылы синтетикалық есірткілердің таралуы және одан аулақ болуы туралы айтып өтті. Өйткені қазіргі кезде есірткі таратуға жастарды тарту көбейді. Көбі бұл үшін қатаң жазаға тартылатынын білмей қалады. Ал психиатр-нарколог дәрігер есірткі түрлерінің адам ағзасына қалай зиян тигізетіні туралы түсіндірді.


Форум соңында мамандар студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Іс-шараға 1000-нан астам студенттер мен оқушылар қатысты.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде