jasqazaq.kz

Түркістан: Полиция оқушылардың құқықтық сауатын арттырды

09 қыркүйек 2024, 13:57

Жаңа оқу жылы бастала салысымен тәртіп сақшылары оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған жұмысын жандандырды. Айталық, Түркстан өңірінде қазіргі уақытта түрлі кездесу, түсіндіру жұмыстары қарқын алды.

Сондай кездесудің бірі Қазығұрт ауданында өтті. Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Алмас Серікбаев аудандағы бірқатар мектептердің жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың түрлеріне тоқталды. Құмар ойындар, лудомания, есірткінің алдын алу тақырыбында баяндама жасап, қазіргі қоғамда белең алып отырған оқиғаларға тоқталды.

Мұндай шаралар жастарға лудомания, нашақорлық туралы деректі фильмдер көрсету арқылы, осы әрекеттердің соңы немен аяқталатынын түснідіріп, сезіндіруді мақсатын көздейді.

Аталған шара облыстың бас полицейі Мұрат Қабденовтың тікелей тапсырмасымен орындалып жатқанын айту керек. Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар оқушыларды құқықтық сауаттандыруға, оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алуға көптеп көмегін тигізетіні анық.

Ал Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Халықаралық Туризм және қонақжайлылық университеті мен Қожа-Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттерімен нашақорлықтың алдын алу тақырыбында кездесу өткізді.

Іс-шараға Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі А.Бурханов, прокурор О. Алтынбаев, дәрігер-нарколог Д.Шалапов пен 450-ден астам оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Кездесу салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың есірткі тұтынуға теріс көзқарасын қалыптастыру, спортқа баулу және жаман әдеттерден бас тартуға дағдыландыру мақсатында өткізілді.

Кездесу барысында шақырылған қонақтар жастарға синтетикалық және өзге де есірткілердің, психотроптық заттардың зияны туралы, олардың өмір мен денсаулыққа кері әсері, есірткіні сақтауға және өткізуге байланысты қылмыстардың салдары туралы жеткізді.

Сонымен қатар студенттерге нашақорлық пен есірткіні қолдану мәселесі, сондай-ақ есірткі заттарының заңсыз айналымын болдырмау бойынша атқарған жұмыстары туралы бейнероликтер көрсетілді.
Кездесу соңында студенттер мамандарға талқыланған тақырып бойынша қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Сондай-ақ полицейлер жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және заңдарды сақтауға шақырды.

JQ-Aqparat
Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Бүгін, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
Бүгін, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс