jasqazaq.kz

Түркістан: Полиция мектеп оқушыларына қауіпсіздік шараларын түсіндірді

16 мамыр 2024, 15:19

Еліміздің ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен өңірдегі білім ұйымдарында «Кәмелетке толмағандардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру» мақсатында, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп «қауіпсіздік сабақтарын» өткізу ұсынылған болатын.

Осы бағытта Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері мен «Жастар ресурстық орталығы» инспекторлары бірлесіп, облыс орталығындағы бірқатар мектептерде іс-шара ұйымдастырды. Атап айтқанда, Ш.Ниязов, Ө.Жәнібеков атындағы мектептердің 8-11 сынып оқушыларына «Оқушыларының қауіпсіздік шаралары» тақырыбында жиналыс өткізілді.
Жиында полиция қызметкерлері жолда жүру қауіпсіздігі, электр самокаттары мен электр көліктерін пайдалану талаптары, жасөспірімдердің қылмыстың құрбаны болмау шаралары, жазғы демалыс уақытында суға шомылудың ережелері, лудомания мен құмар ойынның зардабы туралы әңгімелеп берді. Көшеде, үйде және қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыс ережелерін сақтау мәселесі де сөз етілді. Сонымен бірге оқушылар арасындағы қудалау – буллинг, кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлықтың таралуы, төтенше жағдайлар кезінде қалай әрекет ету жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіп, оқушыларға арнайы дәріс өтті.

Полиция капитаны Б.Тәшмов Түркістан облысы бойынша жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың статистикасына тоқталып өтті. Қылмыстың алдын алу, болдырмау мәселелеріне тоқталды. Заңды білмеу заң алдындағы жауапкершіліктен құтқармайтынын да ескертті.
Соңғы жылдары мектеп оқушыларының түнгі уақытта жалғыз-жарым жүре беретіні үйреншікті құбылысқа айналғаны жасырын емес. Осы орайда полиция өкілі жасөспірімдерге заңды өкілінсіз көшеде жүрмеулерін ескертті. Мектептің ішкі және сыртқы тәртібін сақтап, бос уақытты тиімді пайдалануды тапсырды.
Кездесу соңында полиция қызметкерлері бейнероликтер ұсынып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

JQ-Aqparat
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
29 маусым, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс