jasqazaq.kz

Түркістан: Полиция мектеп оқушыларымен кездесу өткізді

23 қыркүйек 2024, 15:46

Мектеп оқушылары арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Түркістан облысының полициясы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жуырда Кентау қалалық полиция бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінде зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның жолын кесу бойынша дәріс өткізілді. Оған Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы М.Құттыбаева мен жоғары сынып оқушылары қатысты.

Іс-шара барысында оқушыларға отбасылық-тұрмыстық қатынастағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мен олардың заңды құқықтары бойынша түсіндірілді. Осы орайда М.Құттыбаева оқушыларға мұндай жағдайларда олар әрдайым мектеп психологына, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға жүгіне алатындығын еске салды. Сонымен қатар оқушыларды тәртіпті болуға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға шақырды. Мұғалімдер полицияға танымдық және профилактикалық сабақ бергені үшін алғыстарын білдірді.

Ал Түркістан қаласындағы №28 жалпы орта мектебінде батыр полицей Ғ.Байтасовтың атына ашылған полиция сыныбында кездесу өтті. Тәртіп сақшылары оқушыларға жол ережесін толыққанды түсіндіру бойынша дәріс ұйымдастырды.

Кездесуге Түркістан облысы Полиция департаментінің Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Мақсат Асқаров, Түркістан облысы ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев арнайы барып, өмірлік азық болар тәжірибелерімен бөлісті.
Полиция жасөспірімдерге көшелердің кез келген жерінен кесіп өтпей, тек арнайы белгіленген жерлермен жүруді және бағдаршамның түстерін, қызметін түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ оқушыларды маңызды жол белгілерімен таныстырды. Жолда жүру ережесін қатаң сақтаудың, жаяу жүргінші жолағының, тротуардың қаншалықты маңызды екендігін ұғындырды. Түрлі суреттер арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырып, белсенді қатысуларын қадағалады.
Мұндай іс-шаралардың мақсаты — балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Сондықтан полиция ата-аналарға балаларына үнемі жол қозғалысы ережелерін ескертіп, қадағалап отыруға шақырады.

JQ-Aqparat
Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде