jasqazaq.kz

Түркістан: Полиция бөлімінің жаңа ғимараты ашылды

21 шiлде 2024, 10:14


Ішкі істер министрі Ержан Саденов жұмыс сапарымен Түркістан облысына барып, өңірлік полицияның бірқатар жаңа ғимараттарын ашты. Ол 100 мыңнан астам тұрғыны бар Сауран ауданында жаңа полиция ғимаратының ашылу рәсіміне қатысты. Үш қабатты нысанның жалпы ауданы 4 мың шаршы метрден сәл асады. Ғимарат келушілерді қабылдап, оларға тиімді қызмет ету үшін қажетті барлық заманауи жабдықтармен жарақтандырылған.
Сондай-ақ Ержан Сәденов киелі өңірде қасиетті борышын атқарып, облыс тұрғындардың тыныштығын сақтауға үлес қосып жүрген Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті.
Тәуелсіздік жылдары Түркістан облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде 60-тан астам полиция қызметкері қаза тапқан. Ел-жұрттың тыныштығы үшін өмірін қиған тәртіп сақшыларының ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Айта кеткен жөн, бейбіт күнде қаза тапқан полиция қызметкерлерін есте сақтап, өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында олардығ туған жерінде «Батылдық бұрышы» ашылуда. Департамент жанында да осы мақсатта ескерткіш орнатылды. Ішкі істер министрі Ержан Саденов пен облыс әкімі Дархан Сатыбалды ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен батырларды еске алды.


Сонымен қатар қонақтарға жаңа арнайы техника көрсетілді. Ведомство басшысы жергілікті тәртіп сақшыларын жаңа жұмыс орындарымен құттықтап, бірқатар маңызды міндеттер жүктеді. Соның ішінде цифрлық технологияларды қолдану аясын кеңейту және жұмыс процестерін оңтайландыру бар. Одан бөлек, министр қызметтік тәртіпті нығайту қажеттігіне тоқталып өтті.
Бұдан кейін олиция генерал-лейтенанты жаңадан ашылған қызмет көрсету орталығына барды. Орталықта бір уақытта 50 адамға қызмет көрсету мүмкіндігі қарастырылған. Мұнда полиция жұмысына қатысты халықтың мәселелері жедел қаралады.

JQ-Aqparat

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі