jasqazaq.kz

Түркістан: Полиция 180 қылмыстың ізін суытпай ашты

22 мамыр 2024, 15:29

Жол-көлік апаты жыл сайын мыңдаған адамның өмірін жалмайды. Оған көбіне жылдамдықты асыру, сондай-ақ ішімдік ішіп алып рульге отыру себепші болады. Сондықтан Түркістан өңірінің тәртіп сақшылары автокөлік апатын барынша азайту мақсатында табынды жұмыс жүргізеді.

Кезекті шақыртуға шыққан Түлкібас ауданының полицейлері ауыл көшелерінің бірінен жол қозғалысы ережесін бұзып бара жатқан жүргізушіні байқайды. «Daewoo Nexia» маркалы көліктің жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпай, көшеде ерсілі-қарсылы ойқастап жүрген.

Тәртіп сақшылары әлгі көлікті тоқтатып, тексерген кезде жүргізушінің «жұтып алғанын» байқайды. Сөйтсе, 53 жастағы ер адам 2022 жылы мас халде көлік басқарғаны үшін 7 жыл мерзімге автокөлік басқару құқығынан айрылған екен.
Жүргізушіге қатысты медициналық сараптама тағайындалды. Куәландырудың қорытындысына сәйкес, оның «орта дәрежелі» мас күйде екені анықталды.

Полицейлер көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, екінші рет ішімдік ішіп көлік тізгіндеген жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізді.

Қазір Түркістан облысы аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіліп жатыр. Полицейлер жол қауіпсіздігі бойынша мас күйінде көлік жүргізудің 53 фактісін анықтады. Қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 30-дан астам жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Тәртіп сақшыларымен атқарылған жұмыс барысында 11026 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 950 құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды.

180-нен астам қылмысты ізін суытпай ашты. Есірткі құралдарын тасымалдау мен сақтаудың 18 фактісінің жолын кесті.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде жалғыз жүруінің 929 фактісі анықталды. Тұрғылықты жері бойынша бұрын сотталған және профилактикалық есепте тұрған 12 967 адам тексерілді.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтардың, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін сақтау жөнінде жадынамалар таратты.

Облыс аумағында өтіп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы криминогендік жағдайды жақсарту, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауы мақсатын көздейді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан ПД баспасөз қызметі

Бүгін, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
Бүгін, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
Бүгін, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
Бүгін, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
Бүгін, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
Бүгін, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
Бүгін, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
Бүгін, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата