jasqazaq.kz

Түркістан: Отырардың жастары биік белестерді бағындыруда

31 мамыр 2023, 23:52

 

Жастар — қоғамның қозғаушы күші. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытында Отырар ауданында ауқымды жұмыстар атқарылып, жастар мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді.

Аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов ел деңгейіндегі түрлі байқау-жарыстарда топ жарып, жүлдемен оралатын жастарға үнемі қолдау көрсетеді. Отырар ауданының баспасөз қызметі жазғандай, оқу жылы аяқталарда аудан әкімі республикалық пәндік олимпиадаларда және байқауларда жүлдегер атанған жастармен және олардың білімін шыңдаған ұлағатты ұстаздармен кездесті. Басқосуда дарынды да білімді жастар өз ойларын ортаға салып, алға қойған арман-мақсаттарымен бөлісті.

Жиында Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Майра Қалмырзаева ұлылар шыққан киелі Отырардан әлі талай дарынды тұлғалардың шығатынына сенетінін айтып, ұлағатты ұстаздардан тәлім алған шәкірттердің шығар шыңы қашанда биік болатынын сөз етті. Кездесуде республикалық «Жыр алыбы — Жамбыл» атты тақырыпта жас ақындар айтысының 3-орын иегері Сұлтан Сәуірхан арнау өлеңін оқып, ұстаздарына алғысын айтты.

Ұстаздар мен шәкірттердің жетістігіне тәнті болған аудан әкімі білімді жастарға қолдау көрсету арқылы олардың бойындағы мүмкіндіктерді елдің дамуына пайдалануға болатынын атап өтті.

Аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов: «Киелі Отырар қашанда әлемдік өркениетке өлшеусіз үлес қосқан ғалымдар мен ғұламалардың алтын бесігі болып келгені баршаға аян. Міне, бүгінгі күні ұлы ұстаз Әл-Фарабидің салған сара жолын жалғаған отырарлық озат оқушылар республика көлемінде биік белестерді бағындырып, абыройымызды асырып, мерейімізді үстем етіп отыр. Осындай алғыр, білімді шәкірттерді тәрбиелеуде ұлағатты ұстаздардың еңбегі орасан екенін айтып өтсек, артық болмас. Дана халқымызда «Бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем қыл» деген терең мағыналы сөз бар. Осы сөзіміздің айқын дәлелі ұстаздардың шабыты сарқылмай шәкірт тәрбиелеуде аянбай еңбек ете береді деп сенемін», — деді.  Аудан басшысы кездесуге келген ұстаздар мен жастарды арнайы алғыс хаттармен марапаттап, қаржылай сыйақы табыстады.

Айдос Құсайынұлы

Сурет – Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

 

Бүгін, 15:04
Астаналық зейнеткерлерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді
Бүгін, 12:58
Туркестан: Борьба с саранчой продолжается
12 мамыр, 15:00
Аким Туркестанской области встретился с президентом компании "Magister Art" Ренато Сапорито
12 мамыр, 14:38
Туркестан: Ведется масштабная работа по улучшению дорожной инфраструктуры
12 мамыр, 14:30
Туркестан: Социальные объекты - на благо населения
12 мамыр, 14:16
Туркестан: В Жетысайском районе завершаются работы по восстановлению вертикального дренажа
12 мамыр, 14:14
Туркестан: В Тюлькубасе прошел республиканский конкурс молодежного творчества
08 мамыр, 14:51
4 завода по переработке водосберегающих технологий расположены в Туркестанской области
07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті