jasqazaq.kz

Түркістан: Отырар мен Созақ аудандарында жол жөндеу жұмыстары қарқынды

11 маусым 2025, 12:57

Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында жол жөндеу жұмыстарын жүргізу алдыңғы қатарлы міндеттің бірі. Жас айларында бұл бағыттағы жұмыс жанданып, қала мен ауылдардағы ірілі-ұсақ көшелер жаңғыртылып жатыр.

Мәселен, Отырар ауданында биыл жалпы 49 көшеге ағымдағы және орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Түркістан облысы әкмінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл игі іс «Ауыл — ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде және жергілікті бюджет есебінен атқарылуда.
Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы жол жөндеу жұмыстарын өз бақылауында ұстайды. Жуырда ол Балтакөл елді мекеніндегі Тәукебай және Б.Жұмағұлов көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Ұзындығы 2,5 шақырымды құрайтын ішкі көшелерді асфальттау жұмыстары облыстық бюджет қаражаты есебінен іске асуда. Өңір басшысы жоспарлы жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес сапалы жүргізілуі қажеттігін атап өтіп, жауапты сала басшыларына қадағалауды тапсырды. Аудан көлеміндегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 863,3 шақырымды құрайды. Оның ішінде облыстық маңыздағы жолдар – 325,9 шақырым, аудандық маңыздағы жолдар — 109,7 шақырым, ішкі көшелер 427,7 шақырымды құрайды.
Биылғы жылға республикалық бюджет есебінен «Ауыл — ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 20,63 шақырым ішкі көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен ұзындығы – 26,8 шақырым көшеге орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылады деп жоспарланған.


Сол сияқты Созақ ауданында да жол жөндеу жұмыстары қарқынды. Созақ ауданына қарасты Құмкент ауылы мен Қызылкөл елді мекенінде жалпы ұзындығы 11 шақырымнан астам ішкі көшелерге асфальт жабындысы төселді. Сонымен қатар Ақсүмбе, Сарыжаз, Шаға және Раң елді мекендеріндегі ұзындығы 6,51 шақырымды құрайтын ішкі көшелері де асфальтталды.
Қазіргі кезде басқа ауылдар мен елді мекендерде де ішкі жолдарды жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.
Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, биылғы жылы ішкі жолдардың сапасын арттыру мақсатында аудандық бюджеттен бөлінген қаражат көлемі өткен жылдармен салыстырғанда екі есеге артты. Бұл қаржы есебінен 66,4 шақырымды құрайтын ауылішілік көшелерге асфальт жабындысы мен қиыршық тас төсеу көзделген.
Сонымен қатар, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 14,2 шақырымдық 12 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Өткен жылы аталған бағдарлама шеңберінде ауданда 25 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, барлығы 26,1 шақырым жол жаңартылды. Бұған қоса, аудандық бюджет есебінен 21,2 шақырымды құрайтын 18 көшеге асфальт жабындысы мен қиыршық тас төселген болатын.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі