jasqazaq.kz

Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба

23 маусым 2025, 16:02

«Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының іске асуы Түркістан өңірі экономикасына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етпек. Сонымен қатар бұл орталық аймақтың логистикалық әлеуетін арттырып, Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтатын ірі платформаға айналады. Сондықтан бұл жобаның құрылысына айрықша мән беріледі.

Осы орайда Түркістан облысының әкімдігінде Мақтаарал ауданы Атамекен кеден бекеті маңында жүзеге асырылуы жоспарланған «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығына қажетті инфрақұрылым желілерін жеткізу мәселесі және орталықтың әлеуеті талқыланды. Өңір басшысына орталықта іске асырылатын бірқатар инвестициялық жобалар тізбесі таныстырылды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.

Нұралхан Көшеров: «Бұл – өңіріміз үшін аса маңызды жоба. Жаңа жұмыс орындары ашылып, аймақтың экономикалық әлеуеті артып, кәсіпкерлік дами түседі. Сондықтан Мақтаарал ауданы әкімдігі мен жауапты басқармалар жұмысты жүйелі атқарулары тиіс. Тұрақты қадағаланады, жұмысты ширатыңыздар» , — деп атап өтті.

Жиында облыстық энергетика және тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиев инфрақұрылым тарту мәселелері бойынша есеп берді. Сондай-ақ өзге де басқарма басшыларының осы бастамаға қатысты есептері мен ұсыныстары тыңдалды.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді