jasqazaq.kz

Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады

14 шiлде 2025, 11:02

Түркістан өңірінде өндіріс ашуға шетелдік инвесторлар тарапынан қызығушылық зор. Жуырда Иран инвесторлары Ордабасы ауданында қазақы нақыштағы кілем тоқу жобасын қолға алатыны белгілі болды.

Осы орайда аудан әкімі Азат Оралбаев шетелдік инвесторлармен арнайы кездесу өткізіп, олардың жоспарларымен танысты. Кездесу барысында ауданның даму бағыты мен әлеуеті таныстырылып, екі тарап өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Шетелдік кәсіпкерлер мал жүнін өңдеу және қазақы нақыштағы кілем тоқу жобасын қолға алуға ниетті екендерін білдірді. Аталған жоба үшін аудан аумағынан 1 гектар жер телімі қарастырылмақ. Сонымен қатар, ауданда жүзім шаруашылығын дамыту жобасын іске асыру да жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 50 гектар жер телімі белгіленген.

Бұл жобаларды жүзеге асыруға Иран Ислам Республикасынан келген шетелдік инвестор «Талифа» ЖШС ниет білдіріп отыр. Осы жобаларға Қажымұқан және Қарақұм ауыл округтері аумағынан қажетті жер телімдерін бөлу мәселесі қаралып, құжаттары Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы рәсімделмек. Аталған жобалар жүзеге асқанда өңдеу өнеркәсібі саласында өнімнің жаңа түрлері өндіріледі. Бұл өз кезегінде өнеркәсіптің және аудан экономикасының дамуына серпін беретін бермек.

Ал Ордабасыда жылына 30 мың тонна алюминий өнімдерін шығаратын зауыт салынып жатыр. Түркістан Өңірлік коммуникациялар алаңының мәліметінше, «Бадам» индустриалдық аймағында орналасқан «CENTRAL ASIA ALUMINIUM COMPANY» ЖШС кәсіпорнында алюминий профильдері өндірілмек. Қазір кезде құрылыс жұмыстарының екінші кезеңі жүруде. Жобаның жалпы құны — 4,4 млрд теңге. Құрылыс аяқталғанна кейін кәсіпорында 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Жылдық қуаттылығы — 30 мың тонна.

Ал аудан ортылығы Темірлан ауылындағы «Этно ауыл» кешенінде туризм саласындағы 2 ірі жоба жүзеге асып жатыр. Олардың бірі — елімізде теңдесі жоқ «AIR CRAFT» жобасы. Бұл жоба аясында Шұбар ауылдық округіндегі 54 гектар аумақта ұшқыштар даярлау және ұшақтарды шығару бойынша жұмыстар атқарылуда. Жобаның жалпы құны — 1,5 млрд теңге. осы жоба аясында 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысының Өңірлік. коммуникациялар қызметі

15 сәуiр, 15:51
«Закон и порядок»: лекцию о цифровой безопасности провели для столичных школьников
10 сәуiр, 23:03
"Народный юрист": жителям Астаны оказали бесплатную юридическую помощь
08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников