jasqazaq.kz

Түркістан: Ордабасы ауданында профилактикалық шаралар күшейтілді

23 мамыр 2024, 13:55

Түркістан облысында «Құқықтық тәртіп» шаралары жалғасып жатыр. Соған орай Ордабасы ауданының полиция қызметкерлері көше және қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасын, ал жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы «Жасөспірім және жауапкершілік» жедел іс-шарасын өткізуде. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, заңдылық пен құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жедел жағдайларды тұрақтандыруға бағытталған шарада полиция халыққа бірінші кезекте түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Заңнамаға сәйкес, ішкі істер органдары жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде құқық белгілейтін құжаттарды тексеру және көлік құралдарын, сондай-ақ, жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды және заттарын жеке тексеру, атыс, травматикалық, суық қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тәркілеу, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды анықтауды жүзеге асырады.

Тәртіп сақшылары қоғам тыныштығы мен құқықтық тәртіпті сақтау барысында жүргізілетін рейдтік шарада облыс халқын түсіністік танытып, заңға қарама-қайшы іс-әрекеттерге жол бермеуін сұрайды.

Ордабасы ауданы аумағында автокөлік ұрлығы мен айдап әкетудің жолын кесу, сондай-ақ көлік құралдарын бөлшектеу, түр-кескіндемесін бояп сату деректерін болдырмау мақсатында көлік құралдарын жөндейтін орындар мен металл өткізу пункттерінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар полицейлер мен прокурорлар аудан аумағында бірлескен рейдтік шара өткізді.
Ордабасы ауданында құқық қорғау органдары, атап айтқанды прокуратура мен полиция қызметкерлері бірлесіп түрлі бағыттағы профилактикалық шараларды бастады.

Олар жол қауіпсіздігін қамтамасы ету, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің түнгі мезгілде заңды өкілінсіз жүруіне қатысты түнгі 22:00-ден кейін ойын-сауық орталықтарында, ал 23:00-ден кейін көшелерді тексереді.

Сонымен қатар, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар мен пробациялық есептегі тұлғаларды да бақылау жұмыстары жүргізілді.

Ордабасы ауданына қарасты білім беру ұйымдарының жоғары сынып оқушыларымен «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалардың алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Полиция қызметкерлері жалған ақпарат тарату және жариялау әрекеті қоғамға жат қылық екендігін түсіндірді. Терроризм актісі туралы хабарлау қоғамның қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін, құқық қорғау органдарының күші мен уақытын сарп етіп, залал келтіретінін мысалдар көрсету арқылы жан-жақты ашып көрсетті. Сонымен қатар көрінеу жалған хабарламаның соңы қылмыстық жауапкершілікке алып келетіні де ескертілді.

Әлима Әлмерек

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі