jasqazaq.kz

Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту — күн тәртібінде

16 шiлде 2025, 14:52

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өзі жетекшілік ететін салаларына қатысты тапсырмалардың орындалуын саралап, өзекті мәселелерді шешу бойынша атқарылған жұмыстарды пысықтады.
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тапсырмаға сәйкес, облыстағы балық шаруашылығын түгендеу арқылы 231 шаруашылықты анықтаған. Оның 164-і балық инспекциясымен заңдастырылды, 67-не қатысты құжаттар әзірленіп, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен шарт түзілген. Жаңадан ашылған шаруашылықтарға биологиялық негіздеме жасау қажеттігі түсіндіріліп, тіркеу жүргізілуде.
«Жасыл аймақ» мекемесінің ұңғымалары толық жөндеуден өтіп, іске қосылған. Жасыл желектердің мерзімінде суғарылуы тұрақты бақылануда.
Агроөнеркәсіпті дамытуға, индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы бойынша аудандардың жағдайы да талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары қайта өңдеу кәсіпорындарын ашу бағытында серпінді қозғалыс керек екенін атап өтті. Мәселен, Сайрам ауданында жыл сайын 116,2 мың ірі қара мал, 118,9 мың ұсақ мал етке жолданатынын ескерсек, бұл өңірде тері өндірісін дамытуға мүмкіндік мол. Сондықтан, аудан әкімдігімен бірлесе отырып, ауыл шаруашылығы жануарларының терісін терең өңдейтін кәсіпорын ашуға инвестор тартуды ұйымдастыру маңыздылығын айтты.
«Мәселе тек Сайрам ауданына қатысты емес, әр ауданда ерекшеліктеріне қарай өндіріс дамуы қажет. Жергілікті кәсіпкерлерге өзге өңірлердің тәжірибесін ұсыну, мемлекеттік қолдаулар туралы ақпарат бере отырып олардың қызығушылығын арттыру, қажеттілігіне қарай құқықтық қолдау көрсету — бұл бағыттағы жұмыстың ілгерілеуіне септігін тигізері сөзсіз», — деді Нұрбол Тұрашбеков өз сөзінде. Сондай-ақ, кей аудандардан қайта өңдеу өндірісі бойынша әлі күнге ешқандай ұсыныс түспегенін сынға алып, жауапты басқармаларға аудандармен бірге тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды.
Мал басы тіркелмеген жайылым жерлерді қайтару жайы да қозғалды. Бұл жұмысты атқаруда бүгінгі таңда Сауран, Қазығұрт және Төлеби аудандары соңғы орынға тұрақтаған.
Мәжіліс барысында бірқатар тапсырмалар нақтыланып, жауаптылар бекітілді. Облыс әкімінің орынбасары берілген тапсырмалардың орындалуы күнделікті бақыланатынын ескертті.
JQ-Aqparat
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры