jasqazaq.kz

Түркістан облысында өз кәсібін бастауға ниет білдірген жастар көбейді

15 мамыр 2023, 15:10

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елімізде мемлекеттік бағдарламалар арасында жастардың тегін оқуына, жұмыспен қамтылуына, кәсіппен айналысуына арнайы бағдарламалар қабылданған. Айталық, жаңадан кәсіп бастағысы келетін немесе дөңгелетіп жүрген кәсібін кеңейтуге ниет білдірген жастарға биыл 2,5 пайызбен несие беріле бастады. Биыл бұл бағдарлама аясында еліміз бойынша 5,8 мың жас 5 млн теңге сомасында шағын несие ала алады.


Сол сияқты Түркістан облысында 594 жасқа жеңілдетілген шағын несие беру мақсатында 2,9 млрд теңге қаржы бөлініп отыр. Мемлекет тарапынан ұсынылған мұндай тамаша мүмкіндікті ұтымды пайдалану мақсатында Түркістан облысында жергілікті жерлердегі NEET санатындағы жастар мен оқу орындарында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.Сондай жүйелі жұмыс пен жан-жақты ақпараттық түсіндірмелер өз жемісін бергендей. Биыл өз кәсібін бастауға ниеттілер қатары молайыпты. Мәселен, бүгінгі күні облыс бойынша жалпы 204 жас бағдарламаға қатысуға қызығушылық білдірді. Оның ішінде:
Түркістан қаласы – 7
Арыс қаласы – 9
Кентау қаласы – 3
Бәйдібек ауданы – 6
Жетісай ауданы – 2
Қазығұрт ауданы – 46
Мақтаарал ауданы – 3
Отырар ауданы – 15
Ордабасы ауданы – 24
Сайрам ауданы – 15
Сарыағаш ауданы – 26
Сауран ауданы – 9
Төлеби ауданы – 14,
Түлкібас ауданы – 14
Шардара ауданы бойынша — 11 үміткерден өтініш түскен.


Өтініш бергендердің басым бөлігі мал бағуға қызығушылық танытқан.
Таяуда 2,5 пайыздық несиені алуға ниет білдірген талапкерлердің бизнес-жоспарымен танысу мақсатында комиссия отырысы өткізілді. Оған Түркістан облысы бойынша 25 жоба ұсынылып, оның 23-і комиссия қарауынан өткен.
Бүгінде «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары арнайы насихаттық топ құрып, Түркістан облысындағы барлық аудан, қала, ауылдар мен елдімекендерде жастарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жалғастырып жатыр. Осы іс-шара шеңберінде бүгінге дейін облыстағы 38 қала, 229 ауыл, 214 ауылдық округ, 301 елдімекен, 22 кент, 32 базар және сауда орындары, 12 кәсіпкерлік орын қамтылды. Соның нәтижесінде «Жастар ресурстық орталығының» мамандары тарапынан облыс бойынша 18 мыңнан астам NEET санатындағы жастарға жеке тұрғын үй мекенжайлары бойынша кеңес берілді. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін түсіндіру бағытында Жастар орталығының парақшаларында 775 пост жарияланды.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін, басқа бағыттар үшін – 5 жылға дейін, көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстары үшін – 3 жылға дейін беріледі.


Несие алушылардың жасы 21-ден 35-ке дейін және жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс. Үміткердің жасы құжат тапсыру сәтінде ескеріледі. Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі. Ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды. Несие 5 жылға, яғни 60 айға берілсе, жеңілдікті кезең 20 айды құрайды.

Айдос Құсайынұлы

Бүгін, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
Бүгін, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
Бүгін, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
Бүгін, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
Бүгін, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
Бүгін, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
Бүгін, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
Бүгін, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата