jasqazaq.kz

Түркістан облысында биыл құны 152 млрд теңгеге жуық 62 инвестициялық жоба жүзеге асады

07 тамыз 2024, 18:27

 

Биылғы жарты жылдықтың қорытындысымен өңірге тартылған инвестициялар көлемі 420,8 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 137,8%-ға өсті. Ал жалпы 2024 жылы құны 151,9 млрд теңгені құрайтын 2 406 жаңа жұмыс орнымен 62 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл жайында бүгін Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов мәлімдеді.

«Өңірге инвестиция тарту жұмыстарын күшейту үшін аудан және қала әкімдіктері, бизнес өкілдерімен бірлесе өткен жылы шет елдерге іс-сапарлар ұйымдастырылды. Нәтижесінде облыс экономикасына шамамен 1,2 трлн теңге инвестиция бағытталатын болды. Ірі жобалардың қатарында тоқыма кластерін құру бойынша «Лихуа Групп» компаниясы бар. Аталған компания облыста құбыр және тамшылатып суару жүйелерін өндіретін зауыт, 2 мақта өңдеу зауытын, жіп иіру, бояу және әрлеу фабрикасын, тігін фабрикасы сияқты инвестициялық жобаларды іске қосуды жоспарлауда. Биыл Қытай, Түркия және Корея елдеріне іс-сапарлар ұйымдастырылды. Сапар аясында облыстық делегация маңызды жобаларды жүзеге асыру, ІТ саласында тәжірибе алмасу, ауыл шаруашылығы саласын дамыту, озық технологиямен қамту, терең өңдеу, білім, мәдениет, туризм, Түркістан қаласындағы әуежайдың логистикалық әлеуетін пайдалану, әуе рейсін ашу және өзге де мәселелерде әріптестік орнату бойынша келіссөздер жүргізді», — деді басқарма басшысы.

Бұдан бөлек, облыстың өнеркәсіп саласында биыл өнім көлемін 1 трлн 120 млрд теңгеге және өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемін 510 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. 2024 жылдың 6 айдың қорытындысымен салада 551,6 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,8%-ға өскен. Қазіргі уақытта облыста 1 003,2 гектарды құрайтын 13 индустриалды аймақ және 580 гектар аумақта арнайы экономикалық аймақтар бар. Бұл аумақтарда 53 кәсіпорын жұмыс істейді. Биыл қосымша 30 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі