jasqazaq.kz

Түркістан облысында биыл 120 мыңға жуық жұмыс орны құрылады

12 тамыз 2024, 18:44

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен «Өңірдің жұмыспен қамту картасы» аясында биыл 118,9 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған. 2024 жылдың қаңтар-шілде айларында 68,5 мың адам жұмыспен қамтылып, қазіргі таңда жоспар 58%-ға орындалды. Бұл туралы брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мәлімдеді.

«Жыл басынан 31 мың адам тұрақты жұмыс орнымен, 37,5 мың адам субсидияланған уақытша жұмыс орнымен, 1 500 адам Ұлттық жобалар мен Тұжырымдамалар бойынша ашылған жұмыс орындарымен қамтылды. Бұдан бөлек, жаңа бизнес жобаларды іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 1-2 легінде 5 388 адамнан өтінім түсіп, комиссия шешіміне сәйкес 1 783 адамға грант берілді. Сондай-ақ, 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдаймен 14 160 отбасыға, яғни 84 860 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда аз қамтылған азаматтардың саны 41,9%-ға төмендеді. Облыста мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін барлық деңгейдегі бюджеттер есебінен 13,4 млрд. теңге бөлінді. Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған 12 орталық бар. Оның ішінде, 4 стационарлық үлгідегі және 6 жартылай стационарлық үлгідегі мекемелер,«Ардагерлер үйі» мен «Арнаулы кәсіптік колледжі» бар, — деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, солтүстік өңірлерге қоныс аудару бойынша биыл жеті айда Түркістан облысынан 165 отбасы қоныс аударған. Бұдан өзге, жыл басынан облысқа 588 этникалық қазақ қоныс аударып, оларға «Қандас» мәртебесі берілген. Оның ішінде: Өзбекстаннан 570, Тәжікстаннан 10, Ресейден 3, басқа мемлекеттерден 5 адам келген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде