jasqazaq.kz

Түркістан облысында «Автобус» жедел-профилактикалық шарасы басталды

11 маусым 2024, 14:16

Түркістан облысының бірнеше ауданында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Түркістан облысы полиция департаменті Шардара аудандық полиция бөлімінің қадағалауымен аудан аумағында, 10 мен 16 маусым аралығында жергілікті атқарушы органдар және басқа да қоғамдық өкілдердің қатысуымен «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Шараның мақсаты — жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін, адам тасымалдайтын автобус жүргізушілеріне кеңес беру. Сонымен қатар қоғамдық көліктің техникалық жағдайы және конструкциясы бекітілген жол жүрісі қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келмейтін, Заңсыз қайта жабдықталған автобустармен жолаушылар тасымалдайтын басқа да автокөліктерді (такси) пайдалануға тыйым салуға шаралар қабылдау.

Рейс алдында (ауысым алдында) жүргізушіні медициналық тексеруден өткізу, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауына және сапарға шығатын автокөліктерді міндетті түрде техникалық тексерілгеніне ерекше назар аудару болып табылады. Аталған шара аудан көлемінде алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. «Автобус» жедел-профилактикалық іс -шарасы Кентау қаласында да өтіп жатыр. 10-16 маусым күндері аралығында Кентау ҚПБ ЖПҚб – мен көлік құралын басқару құқығынан айырылғандармен көлік құралдарын басқаруды жалғастыру фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шарасы жүргізілуде.

Іс-шараның мақсаты жол көлік оқиғаларын, оның ішінде көлікті мас күйде басқару, қозғалыстың белгіленген жылдамдығын арттыру және басып озу, қарсы келіп жол айырысу, маневр жасау, жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту тағы да басқа жол жүру жәйттарының алдын алу болып табылады.

Сондай-ақ осы мақсатта жергілікті полиция қызметкерлері қала ішіндегі қоғамдық көліктер мен қала аралық көліктерге тексеріс жұмыстарын жүргізеді. Жоғарыда аталған жайттар орын алған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 608, 614-баптарында көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны ескертіледі.

Сонымен қатар Түлкібас ауданы аумағында 10-16 маусым аралығында «АВТОБУС» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның көздегені жолаушылар мен жүк тасымалдайтын жүргізушілердің көліктік тәртібін жақсарту, сондай ақ автобус бағыттарына бақылауды жетілдіру. Аталған профилактикалық іс-шара Түркістан облысының барлық аудандарында бір мезетте өтіп жатыр. Жоғарыда аталған аудандар қоғамдық көліктерді тексеру, алдын алу жұмыстарын апта соңына дейін жүргізетін болады. Тәртіп сақшылары аудан тұрғындарын жол жүру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға үндеді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл