jasqazaq.kz

Түркістан облысында 50 шетелдік ел аумағынан шығарылды

17 сәуiр 2023, 9:36


Түркістан облыстық полиция департаменті облыс аумағында заңсыз жүрген 50 шетелдікті елден шығарғанын мәлімдеді.
Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов өңірдегі заңсыз көші-қон арнасын анықтап, алдын алу және оларды ұйымдастырушыларды табу, сондай-ақ облыс аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды анықтау мақсатында тікелей тапсырма беріп, арнайы топ құрды. Топ мүшелері 10 тәулік ішінде ел аумағында заңсыз жүрген Өзбекстан Республикасының 114 азаматын анықтаған. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша тиісті хаттамалар толтырылып, жинақталған іс-құжаттар жергілікті сотқа жолданды. Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 50 шетелдік сот шешімімен ел аумағынан аластатылса, 4 шетелдік әкімшілік қамауға алынды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған Қазақстан Республикасының 2 азаматының әрқайсысына ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша әкімшілік айыппұл салынды. Шетелдіктерді заңда белгіленген тәртіп бойынша қабылдамаған 3 қазақстандыққа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша шара қабылданғанын мәлім етті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура