jasqazaq.kz

Түркістан облысында 200 гектардан астам жер заңсыз рәсімделген

01 желтоқсан 2023, 10:15

Түркістан облысының прокуратурасы хабарлағандай, Төлеби ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеп-тексеру басталды. Оған ауданның арнайы қорындағы жерді заңсыз актілерді рәсімдеу арқылы аса ірі мөлшерде алаяқтықпен иелену дерегі себеп болған.

Қылмыстық іс бойынша ауданның жер қатынастар бөлімінің басшысы қызмет бабын пайдалана отырып, осы бөлімнің бұрынғы басшысымен алдын-ала сөз байласу арқылы нарық құны 326 млн теңге болатын 200 гектардан астам құнарлы жер учаскелерін заңсыз рәсімдегені бойынша күдікке ілінді.

Түркістан облысының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен күдікті тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу жүріп жатыр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі