jasqazaq.kz

Түркістан облысына Орталық референдум комиссиясының хатшысы іссапармен келді

23 қыркүйек 2024, 19:21

6 қазан – бүкіл Қазақстан бойынша Референдум өтеді. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман Түркістан облысына іссапармен келіп, Оқушылар сарайындағы референдум учаскесінің жұмысымен танысты.
Одан бөлек, іссапар барысында Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала елі» орталығында «Республикалық референдумды дайындау мен өткізу мәселелері» тақырыбында кеңес өткізіп, референдумға дайындық жөнінде тиісті мемлекеттік органдардың басшыларының есебін тындады. Кеңесте Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов модераторлық етті.


Жиын барысында Түркістан облысы бойынша Аймақтық референдум комиссиясының төрағасы Аңсар Өсербаев өңірдегі дайындық жұмыстары туралы баяндады.
– Бүгінде референдум учаскелері референдум өткізуге дайын. Учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен, материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етілген. Сайлаушыларға шақыру билеттері, есептен шығару талондары әзірленген. Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне ыңғайлы болу үшін кабиналары жаңартылды, сайлаушыларды хабардар ету мақсатындағы қағаздар, республикалық референдум заңы жазылған парақтар, сайлау бойынша ережелер жазылған парақшалар таратылуда, – деді Аңсар Өсербаев.
Атап өтейік, республикалық референдумға облыс бойынша жалпы саны 6 351 комиссия мүшесі тартылған. Комиссия мүшелерінің 90 пайызы түрлі деңгейдегі сайлау науқандарын өткізуде тәжірибесі бар. Сондай-ақ облыста жалпы 945 сайлау учаскесі бар. Бүгінгі таңда өңірдегі барлық аудан, қалаларда «сенім телефондары», облыста «109-бірыңғай» call-орталық жұмыс істеуде. Облыс әкімдігінің ресми интернет ресурстарында «Өз референдум учаскеңізді табыңыз» онлайн сервисі іске қосылды. Республикалық референдум қарсаңында референдум комиссиялары толық оқытылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі