jasqazaq.kz

Түркістан облысы – қылмыс аз жасалатын аймақтар қатарында

10 сәуiр 2024, 20:27

Мемлекет басшысы «Заң және Тәртіп» қағидатын ұстану қоғамның идеологиялық және саяси нұсқаулығына айналуы қажет екенін айтқан болатын. Өйткені әділетті елде заң мен тәртіп үстемдік құруы тиіс. Түркістан өңірінің құқық қорғаушылары осы қағидатты бұлжытпай орындайды.

Түркістан облысы аумағындағы қоғамдық орындарда жасалатын қылмыс 37,4 пайызға азайды. Ал өңірде тіркелген жалпы қылмыс саны бұрнағы жылмен салыстырғанда 8,9 пайызға төмендеген. Полиция қызметкерлерінің табанды іс-қимылының арқасында пәтер ұрлығын жасаған 15, алаяқтықпен айналысқан 25, мал ұрлаған 27 қылмыстық тор құрықталды. Сондай-ақ, есірткінің заңсыз айналымына қатысты 572 дерек әшкереленді. Заңсыз айналымнан 1 тонна 330 келіден астам есірткі заттары тәркіленді.


Желіде онлайн жүйе арқылы тікелей эфирде халыққа есеп берген Түркістан облысы Полиция департаметінің бастығы Мұрат Қабденов атқарылып жатқан жұмыстың нәтижесін осындай нақты деректермен жария етті. Бейнеролик және баяндама арқылы жасалған есептен байқағанымыздай, өңірдегі криминогендік ахуал тұрақты. Түркістан облысы еліміздегі қылмыс дерегі ең аз аймақтардың қатарына жатады. Мұны статистикалық көрсеткіштер де айғақтайды.
Бүгінгі таңда тұрғындарға онлайн режимде есеп беру қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Ыңғайлы әрі ашықтықтың айқын көрінісі. Жұртшылықпен жүздесуге департамент басшылығы және 17 қала мен аудандық полиция басқармаларының жетекшілері қатысты. Тұрғындар тікелей эфир арқылы 100-ге жуық сұрақ қойды. Көпшіліктің сауалы мен оған жауап жол бойындағы бейнебақылау камералары, қылмыстық істердің тергелуі, құжат рәсімдеу тәртібі, қызметке қайта орналасу, сондай-ақ, құқық бұзушылықтың алдын алу (профилактика) төңірегінде өрбіді. Облыстың бас полицейі мен құрылым басшылары тарапынан әр сауал бойынша толыққанды жауап пен мағлұмат берілді.
Айта кеткен жөн, Түркістан облысының тәртіп сақшылары «Қауіпсіз қоғам — Қауіпсіз ел» қағидасын басшылыққа ала отырып, елеулі жетістікке жетіп отыр.
JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл