jasqazaq.kz

Түркістан облысы әкімінің орынбасары «ГРОДНО АЗОТ» ААҚ жұмысымен танысты

09 қазан 2023, 14:01

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров «Гродно Азот» ААҚ-да болып, оның қолданыстағы технологиялық мүмкіндіктерімен танысты. «Гродно Азот » ашық акционерлік қоғамы — азот қосылыстары мен тыңайтқыштарды өндіретін Беларусь елінің мемлекеттік компаниясы.

Нұралхан Көшеров зауыттың топ-менеджментімен бірге минералды ресурстар өндіру цехтарында болып, медициналық оттегі мен нақты тұтыну топтарына бағдарланған басқа да өнімдерді шығаратын өндіріс алыбының мүмкіндіктерін жоғары бағалады.
Кәсіпорынның екінші өндірістік кешені — «Химволокно зауыты» филиалының жұмысымен танысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары «Гродно Азот» ААҚ-ның сериялық өнеркәсіптік мүмкіндігін атап өтті. Аталған өндіріс орны ауыл шаруашылығы, тамақ, автомобиль, тоқыма және басқа да салаларға арналған өнімдердің алуан түрін өндіреді.

Іссапар барысында Нұралхан Көшеров Гродно облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары Юрий Валевпен кездесті. Кездесу барысында екі облыстың агроөнеркәсіптік салалары талқыланды. Ынтымақтастық орнату жөнінде келісім жасалды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі