jasqazaq.kz

Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады

18 сәуiр 2024, 13:34

Түркістан өңірінің полициясы «нөлдік төзімділік» қағидатын басшылыққа алып, ұсақ құқық бұзушылықтарға жол бермейді. Бұл бағытта олар қоршаған ортаның абаттандыру қағидаларын бұзу, ортақ пайдаланатын орындарды ластау, жасыл екпелерді жою және бүлдірудің алдын алу мақсатында қарқынды жұмыстарды атқарып жатыр.

Соңғы 8 тәулік ішінде полицейлер 2312 құқық бұзушылықты анықтап, шара қолданды.

Атап айтсақ, тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау бойынша 19 жәйт, рұқсат етілмеген орындарда сауда жасау бойынша 206 дерек тіркелді. Сондай-ақ ортақ пайдаланатын орындарды ластау оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау бабымен 917 дерек анықталып, құқық бұзушыларға хаттама толтырылды.

Қазығұрт елдімекені тұрғынының бірі үйінің құрылысынан шыққан қалдықтар мен малдың малағын көше бойына жинақтағаны анықталып, жауапқа тартылды, түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Өңірдегі қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, жасыл екпелерді жою және бүлдіру бойынша 590 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа жол құрылыстарын бүлдіру бабымен 403 тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды.

Түркістан полициясы жуырда «Грейг» қызғалдақтарын тамашалауға келген тұрғындар мен қонақтарға Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жұлғаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын ескерткен еді. Мұндай хабарламаны таратуға «грейг» қызғалдақтарын жұлған ордабасылық тұрғынның әрекеті себеп болды. Бойжеткен Ұялыжар ауылдық округіндегі алқапта Қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, бейнежазба түсіріп, желідегі парақшасына жүктеген.

Аталған жағдай сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдік түрлерімен заңсыз айналысу фактісі бойынша полиция бөлімінде тіркелді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі