jasqazaq.kz

Түркістан: Мопед тізгіндеушілер, мал ұрлығы және жоғалған бала

26 тамыз 2024, 15:52

 

Түркістан облысында жол-көлік апатын болдырмау мақсатында тәртіп сақшылары тарапынан түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Соңғы жылдары мопед тізгіндегендер өздері ғана апатқа ұшырап қоймай, автокөліктер мен жаяу жүргіншілер үшін қауіпті бола бастады. Сондықтан өңір полициясы мопед айдаушыларды айрықша бақылауға алып, түсіндіру жұмыстарын күшейтті.

Мәселен, Кентау қалалық полиция бөлімі қызметкерлері мотокөліктердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында мотоцикл, скутер, мопед жүргізушілеріне жылдамдықты асырмай, жол жүрісі ережесін қатаң сақтау бойынша шаралар қабылдап, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Полиция қызметкерлері шара аясында бірқатар құқық бұзушылықтардың жолын кесті. Тәртіпті қадағалайтын полицейлер жол ережесін бұзған 42 мопедті анықтап, жүргізушілеріне немесе заңды өкілдеріне шара көріп, айып тұрағына қойды.

Түркістан облысында мал ұрлығына қарсы үздіксіз күрес жүргізілуде.
Жаяуда жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері мал ұрлығына күдікті адамдар тобының қызметін тоқтатты.

Анықталғандай, Мақтаарал ауданының екі тұрғыны көршілес Жетісай ауданында орналасқан жайылымнан жылқы ұрлаған. Содан кейін күдіктілер ұрланған малды сатуды және ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсауды жоспарлаған. Жедел уәкілдер олардың тұрғылықты жерін тінту кезінде, ұрланған жылқыны тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.
Бүгінгі таңда күдіктілердің жалпы сомасы миллион теңгеден асатын мал ұрлығының екі фактісіне қатысы бар екені белгілі болды. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр.

Қиын жағдайға тап болған жандар ең алдымен полицияға жүгінетіні белгілі. Жуырда плицияның 102 жедел желісіне Шымкент қаласының тұрғыны арызданып, аялдамаға уақытша қалдыра тұрған 13 жастағы ұлының жоғалып кеткенін жеткізді. Аталған хабарлама бойынша Созақ ауданының полициясы бірден әрекет етіп, баланы іздеуге жұмылдырылды.


Тәртіп сақшылары шағымданушы әкесі мен ұлының оқиғасын анықтап алып, олардың жүрген жолы бойынша тексеруді бастады. Дәмханалар мен ойын-сауық орталықтарын да назардан тыс қалдырмай, қарап шықты. Осылайша жоспарлы жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесінде кәмелет жасына толмаған бала күре жолдың бойынан табылды.

Полицейлердің анықтауы бойынша әкесі мен ұлы Шымкент қаласынан Созақ ауданына көлікпен қыдырып келе жатқан кезде, жасөспірім баласы өзін жайсыз сезінеді. Денсаулығы сыр берген ұлына дәрі-дәрмек қажет екенін түсінген әкесі ұлын аялдамаға қалдырып, өзі дәріханаға беттейді. Алайда дәріні дер кезінде жеткізгенімен баласын аялдамадан таппай қалады.
Бүгінгі таңда полицияның нәтижелі іздеу жұмыстарының арқасында бала отбасына аман-есен табысталды. Ал әкесі сақшыларға шексіз алғысын жеткізді.

JQ-Aqparat
Суреттер: Түркістан ПД баспасөз қызметі

Бүгін, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
Бүгін, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс