jasqazaq.kz

Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды

30 маусым 2025, 15:03

Түркістан облысының Мақтарал ауданы әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан озық тұрған аймақтар қатарында. Мәселен, биылғы жылдың бес айында аудандағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 11,3 млрд теңгеге жетсе, тікелей тартылған инвестиция көлемі 9,4 млрд теңгені құрады. Түркістан облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов аудандағы қол жеткізілген көрсеткіштерге егжей-тегжейлі тоқталды.

Аудан әкімінің айтуынша биылғы жылдың бес айында ауыл шаруашылығы саласында 6,4 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Аудан бойынша биыл 60,3 мың гектар егістік жер болса, жоспарға сәйкес мақта дақылы — 35,1 мың гектарға, картоп, бақша, көкөністер — 15,5 мың гектарға, 4,2 мың гектарға — көпжылдық мал азықтық дақылдары егілді. Егін шаруашылығында өнімділік көлемін ұлғайту мақсатында су үнемдеу технологиясын 8 мың гектар жерге енгізу жоспарланып отыр.

Бақыт Асанов: «Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Мақтаарал ауданы, Жаңажол ауылдық округі, Фирдауси елді мекенін жандандыру мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үйлерді сатып алу үшін 1,5 млрд теңге қаржы қаралған. Бұдан бөлек, биыл Еркінабад, Нұрлы жол елді мекендерінде 200 орындық 2 мектептің құрылысы аяқталып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Үлгілі елді мекенінен 600 орындық мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталып, жаңа оқу жылынан бастап оқушыларды қабылдауға дайын. Ал Атакент кентіндегі 1500 орындық мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарлануда. Одан бөлек, 2025 жылы 5 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде», — деп атап көрсетті.

Ал «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында биыл Мақтаарал ауданы бойынша 4 медициналық нысанның құрылысы басталған. Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың соңына дейін аяқталуы тисі. Аймақта инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудан 100 пайыз ауыз сумен қамтылған. Қазіргі кезде өңірдегі 68 ауылдың 46-сында газ бар. Биыл «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 538,3 млн теңге қаржы бөлініп, 21,8 шақырымды құрайтын 24 ішкі көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Қазіргі таңда 13,5 шақырымды құрайтын 17 көшеге асфальт төселді. Жалпы аудан аумағына аудан әкімдігі тарапынан 132 шақырымды құрайтын 112 көшеде 4173 дана көше жарық шамдары орнатылған.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі