jasqazaq.kz

Түркістан: Мақсат – қылмыстың алдын алу

04 шiлде 2024, 16:10

Мәжіліс депутаттары полиция бөлімінің жұмысымен танысты

Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция бөліміне Парламент Мәжілісінің депутаттары Темір Қырықбаев пен Нұрсұлтан Байтілесов арнайы келді. Кездесуге Жетісай ауданы әкімі Серік Мамытов, аудандық депутаттар және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен полицейлер қатысты.

Халық қалаулылары аудандық полиция бөлімінің тыныс-тіршілігімен танысып, бөлім басшысының баяндамасын тыңдады. Өз сөзінде полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды жеткізіп, құқық бұзушылықтың алдын алуда алдағы уақытта жүргізілетін шараларды баяндады.

Мәжіліс депутаттары жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан қойылған ұсыныстар мен сұрақтарға жауап берді. Сонымен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы қабылданған заң талаптары қаншалықты жүзеге асып жатқаны туралы да сұрап, пікір алмасты.

Студенттерді полиция мамандығының қыр-сырымен таныстырды

Құқық қорғау органдары жастар арасында қылмыстың алдын алу мақсатында түрлі кездесулер өткізіп тұрады. Мұндай кездесулер сонымен бірге өскелең ұрпақтың полиция мамандығына қызығушылығын тудырып, тәртіп сақшыларының қатарын толықтыруға септігін тигізеді. Қалай болғанда да, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін аянбай қызмет етіп жүрген полициямен жүзбе-жүз кездесіп, әңгімесін тыңдаудың өзі тәртіпке тәрбиелейтіні анық.

Міне, сондай кездесудің бірі Түркістан облысы Шардара ауданының полициясының ұйымдастырумен №16 колледж студенттерімен өткізілді.

«Қылмыс орнын қарап, тексеру» тақырыбында жүргізілген бұл кездесуде полиция подполковнигі Қуаныш Әбілдаев пен полиция аға лейтенанты Қуаныш Шылмырза жастарға құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау жолдары туралы айтып берді. Ал полиция капитаны Нұрбол Момынов пен Өстемір Байманов криминалистика саласындағы өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.


Полиция мамандығы оның ішінде криминалистика саласының қыр-сырына қанықтырған бұл шарада тәртіп сақшылары болашақта жастарды «Тергеуші және криминалист» мамандығын таңдауға шақырды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде