jasqazaq.kz

ТҮРКІСТАН: МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА ЖАҢА 100 ШТАТ АШЫЛДЫ

24 тамыз 2023, 12:04

 

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының «Конгресс Холл» көп салалы кешеніне түрлі бағыттағы өнер ұжымдарын ашу үшін хореографиялық 100-ден астам мәдениет қызметкеріне штат берілді. Атап айтқанда,  хореографиялық би ұжымы, этнофольклорлық ансамбль, биг-бэнд ансамблі, классикалық, эстрадалық, дәстүрлі,  заманауи бағыттағы әншілер топтары және балалар қуыршақ театрына мамандар қабылдануда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өнерпаздарға жаңа мүмкіндік ретінде бос жұмыс орындарына кастинг жарияланып, алғашқы байқау 14 тамыз күні өткізілді. Оған Қазақстанның әр өңірінен 40-қа жуық түрлі өнер майталманы мен жас мамандар қатысты. Атап айтқанда Петропавл, Қарағанды, Тараз,  Алматы, Шымкент, т.б. қалалардан, Қызылорда облысынан, Түркістан облысының аудандарынан өнер мамандары келіп,  өз бақтарын сынады.

Байқауда «Конгресс Холл көпсалалы кешені» МКҚК-ның басшылары мен шығармашылық бөлімінің қызметкерлерінің іріктеуінен 27 жас маман іріктеліп алынды.

Қазіргі таңда өнерпаздардың арасынан вокалдық, классикалық, дәстүрлі оркестр жасақталып, би ұжымы іріктеліп жатыр.

Екінші кастингті 5 қыркүйек күні өткізу жоспарлануда. Мамандарды  Қазақстанның үздік өнер иелерінен құралған кәсіби комиссия іріктейді. Бүгінгі күнге 25 жуық үміткер өз өтінішін білдірген.

JQ-Aqparat 

Суреттер: Түркістан әкімінің баспасөз қызметі 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі